Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

       Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына орай АстМУ-да «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты түркі тілдес халықтардың арасындағы ең үздік әлем ақынының өлең-жырларына шолу, студент жастарға таныстыру. Дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі Дидар Рымжанқызы жүргізді.

Кафедраның аға оқытушысы Жанар Жұмабекқызы ақынның өмір жолы, шығармашылығына жан –жақты тоқтады. Жалпы медицина факультетінің 211,153 топ студенттері Жұмағұлова Азиза, Бапанов Диас, 139 топ студенті Сисенбай Нұрай ақынның өлеңдерін оқыды.

Филология ғылымының кандидаты Құралай Төлеуханқызы Мұхтар Шаханов өлеңдеріндегі "Төрт Ана" концептісіне ғылыми шолу жасады. Экраннан Мұхтар Шаханов туралы пікір жазған әлемдік деңгейде танымал ақын-жазушылардың, ғалымдардың пікірлері берілді.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған әндердің бірі «Айналайын» әнін кафедраның аға оқытушысы Әсел Махметқызы шырқады. Дөңгелек үстелдің тақырыбына арқау болған белгілі халық ақыны Мұқтар Шахановтың   "Төрт Ана" өлеңі ақынның өз орындауындағы бейне жазбаны көрумен қортындыланды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика