АстМУ-дың магистранты Бақтияр Ажкен "Үздік жас ғалым" және ТМД арасында "100 жаңа тұлға" номинацияларымен марапатталды

АстМУ-дың магистранты Бақтияр Ажкен "Үздік жас ғалым" және ТМД арасында "100 жаңа тұлға" номинацияларымен марапатталды


      Қарашаның соңында Астана қаласында өткен "Жастар ғылымы: тәуелсіздіктің жаңа трендтері" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ғылым мен білім беру өкілдерін марапаттау рәсімі өткен болатын.

      Аталған шара аясында АстМУ-дың "Медицина" мамандығының магистранты Ажкен Бақтияр Талғатұлының еңбегі жоғары бағаланды.

     Ол білім және ғылым саласындағы "Үздік жас ғалым" және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында "100 жаңа тұлға" номинациялары бойынша марапатталды. Бақтияр Талғатұлына екі төсбелгі, куәлік, марапат туралы диплом және халықаралық кітап басылымдары тапсырылды.

     Бұл байқауға ТМД елдерінде білім, ғылым және инновацияларды дамытуға үлес қосқан мамандар, атап айтқанда халықаралық, ұлттық және өңірлік олимпиадалардың, конференциялардың, жобалар мен сөз сөйлеулердің лауреаттары, қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, ұлттық құрама мүшелері, Олимпиада ойындарының, халықаралық және спорттық жарыстардың лауреаттары мен жүлдегерлері қатысты.

     Бұл жобаның негізгі мақсаты үздік маңызды және инновациялық жобаларды анықтау, ғылыми қызығушылықты арттыру, ғылым мен интеграцияны дамыту үшін ортақ біріктіруші алаң құру болып табылады.



Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика