«Менің бақытты балалық шағым» атты суреттер көрмесі

«Менің бақытты балалық шағым» атты суреттер көрмесі

Бүгін әлемнің 30-дан астам елі Халықаралық балаларды қорғау күнін тойлауда. Алғаш рет бүл күн 1950 жылы аталып өтілген еді.

1 маусым күні Астана медицина университетінде дәстүрге айналған қызметкерлердің балалары салған суреттердің көрмесі болды. Жас таланттардың шығармашылығына конкурстық комиссия баға берді.

«Менің бақытты балалық шағым» атты суреттер байқауында 1-орынды және 15000 теңгелік сертификатты 5 жасар Сейдахмет Айдай иеленді (анасы – Оразбекова Аягоз, ішкі аурулар кафедрасы). 2-орын мен 10000 теңгелік сертификатты Бердалинова Ясминге (11 жас) (анасы – Каманова Сауле, жалпы медицина деканатының аға әдіскері) және Есмагамбетова Райанға (12 жас) (анасы – Ахметова А.К., зертханалық медицина кафедрасы) берілді. 3-орын мен 5000 теңгелік сертификат 3 жасар Әли Сүйіндікұлына (анасы – Нурмустафанова Шолпан, жалпы медицина деканатының аға әдіскері) және Тойымбек Әмірге (10 жас) (анасы – Шонықбаева Салтанат, гистология және цитология кафедрасы), сонымен қатар 6 жасар Жамалбек Нұрғанымға (анасы – Г.Сағындықова, ішкі аурулар кафедрасы) табысталды.

Жас суретшілеріміз өз өнерлерін көрсетіп, ойын ойнап, ұйымдастырушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Балаларға қуаныш сыйлаған осындай іс-шараны ұйымдастырушыларға: мұражайдың ғылыми-әдістемелік кеңесіне, кәсіподақ ұйымына және жастар ісі жөніндегі орталыққа, медицина мектебінің еріктілеріне алғыс білдіреміз.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика