«Базалық жүрек-өкпе реанимациясы» тренингі

«Базалық жүрек-өкпе реанимациясы» тренингі

«АМУ» КеАҚ әкімшілік-басқарушы персоналды шұғыл көмек көрсету бойынша оқыту мақсатында симуляциялық орталық базасында Білім беру және қашықтықтан оқыту технологияларын трансферттеу орталығы 2023 жылғы 22 мамыр мен 5 маусым аралығында «Базалық жүрек-өкпе реанимациясы» тақырыбында тренинг өткізді. Оған 10 топқа бөлініп 87 қызметкер қатысты.
«Базалық жүрек-өкпе реанимациясы» тренингінің лекторы, реабилитология және спорттық медицина кафедрасының доценті Дәулет Шайморданұлы Жұмаділов.
Семинар соңында тыңдаушылар:
– жүрек-өкпе реанимациясы (ЖӨР) машықтарын;
– шұғыл жағдайлар дамыған кезде көрсетілетін медициналық көмек алгоритмдерін;

– өмірге қауіп төндіретін жағдайларда көмек көрсету машықтарын үйренді.

Оқыту соңында 50 адам сертификат алды.

 


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика