Университет мектеп оқушыларын қарсы алады

Университет мектеп оқушыларын қарсы алады

Әрбір дәрігер жас кезінде оқушы болған және дәрігер болуды армандаған. Болашақ мамандықты таңдаудың қаншалықты қиын екенін біле отырып, өмірдегі ең маңызды қадам жасау алдында мектеп оқушыларына біздің университет әрқашанда ашық және кәсіптік бағдарда жол көрсетуге дайын. 15 наурызда Астана медицина университеті Астана қаласының №73 лицейінің жоғары сынып оқушыларын қарсы алды.

 

      Мақсаты – Астана медицина университетіне оқушыларды қабылдау ережелері мен білім беру бағдарламалары бойынша талапкерлер мен студенттерге қойылатын талаптармен толық таныстыру. Кездесуді ұйымдастырған және өткізген В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының қызметкерлері.

      Негізі университет бойынша және әрбір кафедрада 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының ауқымды жоспары бар, онда мектеп оқушыларымен жүйелі кәсіптік бағдар беру жұмыстары қарастырылған.

        Кафедраның оқытушысы Тохаева М.Б. болашақ талапкерлерге Мұражайды көрсетті және университетіміздің тарихымен, жетістіктерімен таныстырды, оқу-клиникалық орталықтың оқу кабинеттері мен зертханаларына экскурсия жүргізді.

       Кафедраның меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Д.С. Тәжібаева, кафедрадағы мамандарды даярлау және оның дәстүрлері туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Медициналық пәндер бойынша әртүрлі олимпиадалар және студенттердің ғылыми үйірмелерге, медициналық конференциялар мен семинарларға қатысуы туралы ақпарат мектеп оқушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.

        Кездесу барысында мектеп оқушылары университетімізге түсу үшін дайындықтың қалай болу керектігі туралы көптеген сұрақтар қойып, ұстаздардың тілектері мен кеңестерін тыңдады.

       Соңында түлектерге университет туралы ақпарат жазылған буклеттер табыс етілді, кафедраның оқытушылары ҰБТ-ны сәтті тапсыруларына тілектестік білдіріп, өмірлерін медицинамен байланыстырғысы келсе, еліміздегі басты жоғарғы оқу орны болып саналатын Астана медицина университетін таңдауға кеңес берді.

 

 

 

 

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика