Үздіксіз білім алу – сапалы өмірдің кепілі

Үздіксіз білім алу – сапалы өмірдің кепілі

Қазір сапалы білімсіз табысқа жету қиын. Бұл ретте елімізде қабылданған Өмір бойы оқу тұжырымдамасы Қазақстан азаматтарына өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға таптырмас тетікке айналғанын айта кету керек. Аталған бағытта Астана медицина университеті де белсенді жұмыс істеп келеді.

Жас ерекшелігі мен мамандығына қарамастан кез келген адам білімін тереңдетіп, кәсіби дағдыларын жетілдіруге тырысатыны белгілі. Осы орайда АстМУ-де медицина саласында үздік маман болып, дамуды көздеген жандар үшін қазір сан алуан бағдарламалар мен курстардың жолға қойылғанын айта кетейік. Мәселен, университетте зерттеулер мен инновацияларға басымдық беріліп, бұл оқу процесіне оң әсер етумен бірге өзекті зерттеулерге қатысып, үлес қосуға жол ашады.

Тұтастай алғанда, үздіксіз білім алу жеке тұлғаның дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл азаматтарға қажетті дағдыларды игеріп, сондай-ақ XXI ғасырдағы денсаулық сақтау саласының тың талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді.

Астана медицина университетінің Үздіксіз кәсіптік білім беру институты келесідей қызмет түрлерін ұсынады:

- біліктілікті арттыру;

- сертификаттау курстары;

- формальді емес білім беру және семинарлар, шеберлік сағаттары, тренингтер, тағылымдамалар мен вебинарлар өткізеді.

Жыл басынан бері 50-ден астам біліктілікті арттыру циклі, 4 сертификаттау курсы және 4 формальді емес оқу процесі ұйымдастырылды.

Алдағы курстар жайлы ақпарат университеттің сайтында Біліктілікті арттыру бөлімінде төмендегі сілтеме бойынша орналастырылады: https://amu.edu.kz/ және Инстаграмда (Inpo_mua_official) жарияланады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика