Хабарлаймыз

Құрметті әріптестер!

Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (270.00-нысан) 2024 жылғы 19 сәуірге дейінгі мерзімде ұсыну қажеттігін еске салады.
Сізге ыңғайлы болу үшін декларацияны келесі платформалар арқылы электронды түрде беруге болады:
"Салық төлеуші кабинеті" мемлекеттік кірістер комитетінің Web-порталы (cabinet.salyk.kz)
"Электрондық үкімет" порталы (egov.kz)
App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болатын e-saluq azamat мобильді қосымшасы. "E-Salyk Azamat" мобильді қосымшасының көмегімен сіз есептілікті ЭЦҚ пайдаланбай, тек SMS-пароль арқылы бірнеше минут ішінде жібере аласыз.
Декларацияны уақытында беруді ұмытпаңыз. 

Назарларыңызға рахмет!
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика