«Профессор Гилен Васильевич Цой атындағы хирургиялық аурулар кафедрасының» 3 жыл PhD докторанты Қытай медицина ғылымдарының академиясы Фувай ауруханасында ғылыми тағылымдамадан өту туралы ақпараты

«Профессор Гилен Васильевич Цой атындағы хирургиялық аурулар кафедрасының» 3 жыл PhD докторанты Қытай медицина ғылымдарының академиясы Фувай ауруханасында ғылыми тағылымдамадан өту туралы ақпараты

КеАҚ «Астана медицина университеті» 8D10102 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы 3 курс докторанты Әділбекова Ақкербез Бәкірқызы, жол картасының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2024 жылдың 27 наурыздан бастап 10 сәуірге дейін ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша Пекиндегі Қытай медицина ғылымдарының академиясы Фувай ауруханасында «Кардиология және кардиохирургия» бөлімдерінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдаманың мақсаты зерттелетін саладағы алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені меңгеру, ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін қолдануда практикалық дағдыларды меңгеру және бекіту, сонымен қатар оқу бағдарламасы бойынша кәсіби біліктілікті арттыру болды.

Шетелдік тағылымдамадан өту міндетіне докторлық диссертацияның құрылымы мен мазмұны бойынша және ғылыми мақала жазу бойынша шетелдік профессорлармен консультация беру, профессорлық-оқытушылық құраммен тәжірибе алмасу, сонымен қатар зерттелетін саладағы ғылыми жұмыстармен танысу кірді.

Практикалық бөлімде пациенттердің қабылдауында болып, кішігірім кардиохирургиялық манипуляцияларға қатысып, торакотомды операциялар, жүректің ашық операциялары және т.б.

Доктор Xiangbin Pan - Қытайдың Ұлттық жүрек-қан тамырлары аурулары орталығы және Фувай ауруханасы президентінің көмекшісі. Қытай медицина ғылымдары академиясының және Пекин медициналық колледжінің профессоры.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасын докторант толық меңгеріп, тәжірибеден өткеннен кейін сертификатқа ие болды.

Тағылымдамадан өту кезінде алынған тәжірибе мен білім жас ғалымдардың тұлғалық және кәсіби өсуін ынталандырады, сонымен қатар университеттер арасындағы халықаралық ғылыми байланыстарды дамытуға ықпал етеді, бұл елдердің заманауи ғылыми қоғамдастығындағы маңызды аспектілердің бірі болып табылады.




Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика