2024 жылдың 18 сәуірінде университет қабырғасында мотивациялық кездесу өтті

2024 жылдың 18 сәуірінде университет қабырғасында мотивациялық кездесу өтті

2024 жылдың 18 сәуірінде Университет қабырғасында «Медицина» мектебінің 3 курс және «Педиатрия» мектебінің 2 курс студенттерінің Астана қаласының «Лашын-Сарыарқа» Бадминтон федерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жүлдегері Сейсен Багимұлы Егізбаевпен мотивациялық кездесуі өтті. Кездесуді патологиялық анатомия кафедрасымен бірлесіп Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығы ұйымдастырды.

Кездесу бадминтонды денсаулықты нығайтуға, физикалық төзімділік пен қимыл координациясын, көру өткірлігі мен ойлау жылдамдығын жақсартуға ықпал ететін олимпиадалық спорт түрі ретінде насихаттауға арналды. Студенттер бадминтонның даму тарихымен, жаттығу жағдайларымен, қазақстандық спортшылардың осы олимпиадалық спорт түріндегі жетістіктерімен танысты.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика