Инфекциядан қорғанудың ең сенімді жолы – вакцинация

Инфекциядан қорғанудың ең сенімді жолы – вакцинация

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 2024 жылғы 21-27 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) өтіп жатыр. Осы іс-шараның аясында 2024 жылы 23 сәуірде «Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы: м.ғ.к., профессор Асемова Г.Д, медицина магистрі, аға оқытушы Ботбаева М.Т., аға оқытушы Сәрсенова А.Г-А. және Педиатрия мектебінің 304 топ студенттерінің қатысумен «Вакцинация: ия немесе жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты – әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір сүруге ықпал ететін вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту. Жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасына оң көзқарасын қалыптастыруға, вакцинациядан бас тарту мәселесіне назар аударуға, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау, өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін иммундаудың маңыздылығын арттыруға бағытталған пірікталас болды.

Бұл іс-шараның сарапшылары ретінде Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының меңгершісі м.ғ.д., профессор Дусмагамбетов М.У., б.ғ.к, профессор Рахметова Н.Б. және докторант, аға оқытушы Сутимбекова Н.С. қатысты. Сарапшыларымыз өз талдауларын жасап, іс-шараның нәтижелерін қорытындылады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика