Профессор А.А.Вайнсонның сапары

Профессор А.А.Вайнсонның сапары

"Астана медицина университеті" КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ базасында 2024 жылғы 15-19 сәуір аралығында шетелдік сапар-профессор бағдарламасы шеңберінде шақырылған «Н.Н.Блохин атындағы ҰМОО» Ресей федералды мемлекеттік бюджеттік мекеменің ісіктерді эксперименттік диагностикалау және емдеу ҒЗИ ғылыми кеңесшісі Вайнсон Адольф Адольфович "Радиобиология және радиациялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері" тақырыбында мастер-класс өткізді, оған "Астана медицина университеті" КеАҚ ғылыми қызметкерлері, оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ «Orhun Medical», University Medical Center медициналық орталығының өкілдері ақылы негізде қатысты.

Айта кету керек, шақырылған профессор А.А.Вайнсон радиобиология саласындағы зерттеулерде практикалық тәжірибесі мол, «Радиобиология человека и животных» классикалық оқулығының авторларының бірі, сондай-ақ «Медицинская радиология и радиационная безопасность» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі.

Мастер-класс барысында тыңдаушылар радиобиологиялық түсініктердің даму тарихымен, адам сәулеленуінің ықтимал дозаларымен, радиацияның канцерогендік әсерінің эксперименттік зерттеулерімен және радиациялық қауіпсіздіктің негізгі нормаларымен, сондай-ақ АЭХА, БҰҰ АРӘҒК және РҚХК ұсынымдарымен танысты. Атап айтқанда, Хиросима мен Нагасакидегі иондаушы сәулеленудің әсерінің ерте және кейінгі салдары, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттан кейін және әртүрлі когорттардағы иондаушы сәулеленудің "шағын" дозаларының әсерін бағалау мәселелері қарастырылды.

Мастер-класс қатысушылар үшін барынша практикалық тиімділікпен белсенді және еркін атмосферада өтті және қызу пікір алмасу болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика