АстМУ студенттері Бакуде өндірістік тәжірибеден өтіп қайтты

АстМУ студенттері Бакуде өндірістік тәжірибеден өтіп қайтты

Астана медицина университетінің студенттері академиялық ұтқырлық аясында Әзірбайжанға барып, білімдерін шыңдап қайтты.

 

Атап айтқанда, Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебінің 4 курс студенттері Жәния Жабытай, Жаннұр Сәдуақасова, Әсем Мұратбекова, Юлия Сазонова, Әнел Шәдібек Әзірбайжан медициналық университетінде болып, «Гигиенашы-маман» өндірістік тәжірибесінен өтті.

Аталған өндірістік практика Әзірбайжан медициналық университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің базасында өткізілгенін айта кетейік. Сондай-ақ АстМУ-дің білім алушылары осы факультеттің бейіндеуші кафедраларында, Әзірбайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық гигиена және эпидемиология орталығында (ГЭМ) болды. Оның барысында жастарымыз бауырлас елдің денсаулық сақтау жүйесімен, эпидемиялық жағдайды бақылайтын EIDSS электронды бағдарламаның жұмысымен және ГЭМ құрамына кіретін зертханалардың жұмысымен танысты. Өндірістік тәжірибеден сәтті өткен білім алушыларымызға тиісті сертификаттар табысталды. Оқудан бөлек студенттер Бакудің тарихи орындарын аралап, жергілікті халықтың мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

 

Өз кезегінде отандастарымыз Әзірбайжан МУ-нің оқытушыларына, әсіресе Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің деканы Галина Садировнаға білім беру бағытында халықаралық қатынастарды нығайтып, қажетті дағдыларды игеруге септескендеріне ризашылықтарын жеткізді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика