«Ташкент медицина академиясы Үргеніш филиалының құрметті профессоры» атағы берілді.

«Ташкент медицина академиясы Үргеніш филиалының құрметті профессоры» атағы берілді.

16-24 сәуір аралығында КеАҚ «Астана медицина университеті» балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, проф. Д.А Баешева профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығы шеңберінде Ташкент медицина академиясына барды, онда студенттерге, интерндерге, ординаторларға дәрістер курсын, тәжірибелік дәрігерлерге балалар жұқпалы аурулары бойынша шеберлік сабақтарын және оқыту семинарларын өткізді. Сапар барысында ынтымақтастықты одан әрі нығайту, бірлескен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру мәселелері, сондай-ақ бірлескен ғылыми жұмыс және «Педиатрия» бағытын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша ТТА Үргеніш филиалының директоры Р.Ю.Рузибаев Динагүл Аяпбекқызына «Ташкент медицина академиясы Үргеніш филиалының құрметті профессоры» атағын берді.

Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға көрсеткен қолдауы мен елеулі үлесі үшін құрмет пен алғыс ретінде КеАҚ «АМУ» ректорының атына алғыс хат жолданды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика