"Үздік староста 2024" байқауы өткізілді

"Үздік староста 2024" байқауы өткізілді


Староста - бұл ұжымның көшбасшысы. Староста жақсы үлгерімді көрсетіп, айналасындағыларға үлгі бола білетін, университет басшылығы мен студенттердің арасындағы алтын көпір.

Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орталықтың қолдауымен алғаш рет университетімізде Үздік староста байқауы өткізілді. Тартысты сайысқа 5 қатысушы қатысып, өзінің білімдерімен, Академиялық саясат бойынша сұрақтарға жауап беріп сайысқа түсті.

Әділқазылар алқасының шешімімен Үздік староста 2024 байқауының жеңімпазы Медицина мектебінің 3 курс 350 топ старостасы Әмір Ұлжалғас Амандыққызы атанды. Сонымен қатар, Көрермен көзайымы және Ең тапқыр староста номинациясын - Қабиден Күлән мен Сабит Ардақ  жеңіп алды.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика