Тілде шекара жоқ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Д.Р.Жарыкова және ағылшын тілінің аға оқытушысы, п.ғ.магистрі Г.Ж.Бабжанова 2024 жылы 06-11 мамыр аралығында Ташкент педиатрия инситутына іссапарға барып келді. Іссапар мақсаты Ташкент педиатрия инситутында оқытылатын өзбек, орыс, ағылшын тілдері, жоғары мектеп педагогикасы пәндерінің оқыту бағдарламаларымен танысу, өзара тәжірибе алмасу.

Ташкент педиатрия инситуты шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, доцент Д.Д.Буранова, өзбек-орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, профессор Өзбек еліне белгілі ақын К.Турдиева және гуманитарлық ғылымдар педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Ш.С. Шойимовамен әріптестік сұхбат жүргізілді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік оқыту әдісі әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және біліктілікпен алмасу, тіл және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы студенттердің сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаттары сөз болды. Өзбек-орыс тілдерінде «Медицина в художественной литературе» оқу - әдістемелік хрестоматия даярланып жатқанын және оның оқу бағдарламасына енгізілетінін хабардар етті. Өз кезегінде олар халықаралық деңгейде оқу хрестоматиясын шығаруды ұсынды. Аға оқытушы Г.Ж.Бабжанова шетел тілдері кафедрасының оқытушыларына шеберлік сағатын өткізді. Шетелдік әріптестермен бірігіп «Медицина және медициналық білім берудегі ақпараттық технологиялар және аналитика: инновациялар мен перспективалар» атты халықаралық конференцияға «Жасанды интелект, ІТ саласындағы тілдердің болашағы» атты мақала әзірленді. Сонымен қатар тілдер бойынша бірлесіп халықаралық деңгейде олимпиада жүргізу жоспарланды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика