«Созылмалы инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиясы бойынша халықаралық білім беру бағдарламасы»

«Созылмалы инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиясы бойынша халықаралық білім беру бағдарламасы»

2024 жылдың 15 мамырында Астана медицина университетінің 60 жылдығына орай Академик Е. Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ және Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы  ұйымдастыруымен , 

Ресей Федерацисы Денсаулық сақтау министрлігі “Профилактикалық медицина және Терапия Ұлттық медициналық зерттеу орталығы “ (ҰМЗО) ФМБМ жетекші ғалымдарының қатысуымен "Созылмалы инфекциялық емес аурулар эпидемиологиясы бойынша халықаралық білім беру бағдарламасы" бойынша оқыту курсы басталды.

Бұл курс медицина мамандарына, зерттеушілерге және жас ғалымдарға эпидемиология мен биостатистиканың негізгі аспектілері туралы білімдерін тереңдетуге бірегей мүмкіндік береді.


Курс қатысушыларды созылмалы жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясының  және биостатистиканың негізгі принциптерімен таныстыруға арналған. Бұл аурулардың пайда болу себептерін және халық денсаулығының құрылымын әлемдік деңгейде зерттеуге мүмкіндік береді. 


Курс бағдарламасы аурулардың таралуы, сырқаттанушылық және өлім-жітім сияқты негізгі терминологияны, сондай-ақ зерттеу әдістерін, деректерді алуды және нәтижелерді бағалаудың статистикалық тәсілдерін талқылауды қамтиды.

Семинарда эпидемиологиялық зерттеулердің заманауи тәсілдері мен деректерді талдау және түсіндіру әдістері қарастырылады. Қатысушылар созылмалы инфекциялық емес ауруларды диагностикалау, алдын алу және басқару саласындағы соңғы жетістіктер туралы білуге мүмкіндік алады. Эпидемиология және биостатистика дәлелді медицинаға негізделген денсаулық сақтау стратегияларын бағалау мен оңтайландырудың маңызды құралдарын ұсынады.


Курс бағдарламасы ФМБМ “ҰМЗО” жетекші ғалымдарының дәрістерін, практикалық сессиялар, кейстерді талқылау және мастер-кластарды қамтиды. Бұл іс-шаралар қатысушыларға теориялық материалды игеруге ғана емес, оны күнделікті тәжірибеде қолдануға көмектеседі. Сонымен қатар, семинар барысында  жарияланатын зерттеулерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу дизайнын түсінуге және өзінің ғылыми жобаларын әзірлеуге және орындауға баса назар аударылады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика