"Астана медицина университеті" КеАҚ институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті

"Астана медицина университеті" КеАҚ институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті

 

Біз "Астана медицина университеті" КеАҚ аккредиттеуден сәтті өткенін мақтанышпен жариялаймыз. 

Аккредиттеу куәлігі 5 жыл мерзімге берілді: 23.04.2024 ж. бастап 22.04.2029 ж. дейін институционалдық аккредиттеу; 

және 23.04.2024 ж. бастап 22.04.2029 ж. дейін 5 (бес) жыл кезеңге  тізім бойынша білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеуден өтті: 

1) 6В10104 Фармация 

2) 6В10119 Қоғамдық денсаулық / 6В10109 қоғамдық денсаулық сақтау 

3) 7М10102 Медицина 

4) 7М10124 Жаһандық денсаулық 

Аккредиттеу біздің университетіміз үшін сапалы білім алуға және үздіксіз жетілдіруге деген ұмтылысымызды растайтын маңызды қадам болып табылады. Бұл біздің бағдарламаларымыз білім беру қауымдастығында белгіленген жоғары стандарттарға сәйкес келетінін және білім алушыларға ең жоғары деңгейде академиялық дайындықты қамтамасыз ететінін көрсетеді. 

Біз аккредиттеу рәсіміне қатысқан барлық білім алушыларға, оқытушыларға, түлектерге және жұмыс берушілерге, осы табысқа үлес қосқан кафедралар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздің қажырлы еңбегіңіз бен университетімізге деген адалдығыңыздың арқасында біз алға жылжып, білім беруде жаңа биіктерге жетуді жалғастырамыз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика