АстМУ Yandex Qazaqstan-мен денсаулық сақтау саласында тың жобаларды бірлесіп жүзеге асырады

АстМУ Yandex Qazaqstan-мен денсаулық сақтау саласында тың жобаларды бірлесіп жүзеге асырады

Астана медицина университеті мен Yandex Qazaqstan Yandex Cloud-тың (бұлтты платформа) көмегімен елімізде медициналық жобаларды бірлесіп әзірлеуге келісті. Айталық, қолға алынған бастамалардың арасында өкпенің қатерлі ісігінің автоматтандырылған скринингі, машиналық оқыту технологияларын қолдана отырып, қызылша ауруын болжау және т.б. жобалар бар. Барлық өнім тек университеттің базасында ғана емес, сондай-ақ еліміздегі басқа да клиникаларда да сынақтан өткізіледі.

 

Осы ынтымақтастық аясында компания оқу орынға жобалық менеджментпен көмектесіп, цифрлы әзірлемеге қажетті инфрақұрылымды ұсынады. Мысалы, Yandex Cloud қандай да бір эпидемияны болжауға арналған бұлтты технологияға грант бөледі. Осы бастама бойынша машиналық оқытудың екі моделі дайындалады: біреуі инфекциялардың, атап айтқанда қызылшаның таралуын болжаса, екіншісі денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені алдын ала есептейді.

 

Тиісті келісімге Астана медицина университетінің басқарма төрағасы-ректоры Камалжан Надыров пен Қазақстандағы Yandex Cloud бас директоры Арыстанбек Жолдасбеков қол қойды.

 

«Yandex Cloud-пен ынтымақтастық бізге денсаулық сақтауды дамытудың жаңа перспективаларына жол ашады. Біз big data, нейронды желілер және генеративті AI қызметтеріне қол жеткізуді қоса алғанда, озық бұлтты технологияларды пайдалана отырып, медицинада тәжірибе алысуға және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Біз еліміздің деңгейінде дәрігерлер мен пациенттерге пайдасын тигізетін жобаларды кеңейтуді көздеп отырмыз», деді Камалжан Талғатұлы.

Yandex Cloud Қазақстанда Computer Science бойынша білім және ғылым саласындағы бағдарламаларға қолғабыс етуді жалғастырып келеді. Мәселен, отандық оқу орындар жасанды интеллект сынды ғылыми-зерттеу жұмыстарына бұлтты сервистерді тегін пайдалана алады. Бұл білім беру ұйымдарына машиналық оқыту бағдарламаларының көлемін арттырып, олардың сапасын жақсартуға көмектеседі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика