Енді білім беру грантының иегері болу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді бір емес, екі рет тапсыруға болады!

Енді білім беру грантының иегері болу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді бір емес, екі рет тапсыруға болады!

Ағымдағы жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ):

1) орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;

2) орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

3) жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

4) шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;

5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін өткізіледі.

Толық ақпарат нұсқаулықта берілген.

«Астана медицина университеті» КеАҚ оқуға түсу мәселелері бойынша келесі телефондарға хабарласуыңызға болады:

+7 708 327 37 38

+7 705 608 32 42

+7 747 403 36 46

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика