Австрияда Университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

Австрияда Университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

2022 жылғы 20 маусым мен 23 маусым аралығында "Астана медицина университеті" КЕАҚ қызметкерлері - №1 Анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының профессоры Конкаев Айдос Кабибулатович және инфекциялық аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасының доценті Конкаева Майя Ергалиевна Цурндорф қаласында (Австрия) өткен "Guidelines and Global omplemenatation strategies" семинарына қатысты. Семинар барысында COVID-19 бар пациенттерде жедел қан жоғалту және гемостаз бұзылыстары кезіндегі қарқынды терапия бойынша заманауи деректер алынды. Семинар соңында салтанатты түрде 40 кредит көлемінде сертификаттар табыс етілді.

Семинар барысында алынған ақпарат кафедралардың клиникалық және білім беру қызметіне енгізілетін болады. Ақпаратпен кафедра қызметкерлері, резиденттер және практикалық дәрігерлер танысты.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика