ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі Астана медицина университетінің бастамасымен медицина қызметкерлеріне арналған тренинг өткізді

ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі Астана медицина университетінің бастамасымен медицина қызметкерлеріне арналған тренинг өткізді

Астана медицина университетінің бастамасымен ДДҰ-ның Қазақстандағы офисімен бірлесіп ұйымдастырылған үш күндік тренинг аяқталды.

Оқыту курсы госпитальға дейінгі және ауруханалық деңгейлерде жаппай жарақаттану жағдайында перативті және үйлестіру әрекеттеріне ерекше назар аудара отырып, оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалана отырып, медицина қызметкерлеріне білім мен дағдыларды беруге бағытталған.

Іс-шара ДДҰ шұғыл медициналық көмек бригадалары хатшылығының штаб-пәтерінің техникалық сарапшыларының және ДДҰ-ның Украинадан келген практик жаттықтырушылары доктор Галина Цымбалюк пен Елена Воловиктің қатысуымен, сондай-ақ Еуропалық Одақтың (European Union in Kazakhstan) қаржылық қолдауымен өтті.

    Тренингке Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының, академик Н. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының басшылығы, ішкі сараптама пациентті қолдау қызметінің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, травматология бөлімшелерінің, анестезиология-реанимация бөлімшелерінің және елеулі зақымданған пациенттерді қабылдайтын басқа да бөлімшелердің дәрігерлері, АстМУ-дың хирургиялық аурулар кафедрасының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Тренингті аша отырып, ДДҰ-ның Қазақстандағы офисінің басшысы доктор Каролин Кларинваль модельдеу мен модельдеуге негізделген тренинг зардап шеккендердің саны қолжетімді ресурстар мен қуаттылықтан едәуір асатын уақытта төтенше жағдайға тиімді ден қою үшін жергілікті ауруханаларды ұйымдастыру бойынша базалық теория мен практиканы қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде АстМУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Камалжан Надыров Мемлекет басшысының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында Қазақстанның ДДҰ-ны қолдайтынын және бұл ұйымды сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Бұл тренинг осы ынтымақтастықтың дәлелі ғана емес, сонымен қатар адам өмірін сақтау үшін қажетті арнайы білім мен дағдыларды қамтиды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика