2023 жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу қатысушыларының деректер базасын қалыптастыру бойынша нұсқаулық хат

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің   «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ):

орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;

орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру

бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін өткізіледі.

1.        Өтініш беру мерзімі бойынша:

Оқуға түсуші ҰБТ қатысушыларының деректер базасына (бұдан әрі – ДБ) тіркелу үшін өтінішті 2023 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында онлайн түрде Орталықтың сайты арқылы келесі сілтеме бойынша береді: https://app.testcenter.kz/. Осы аралықта тестілеуге 2 (екі) рет өтініш беруге мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, екінші мүмкіндікке тіркелу 7 мамырдан бастап қол жетімді болады. X

2.        Өтініш беру рәсімі бойынша:

1)       https://app.testcenter.kz/ сайтына кіру және интерфейс тілін таңдау; X

2)       электрондық поштаны көрсете отырып, тіркеуден өту (электрондық поштаға келген хат арқылы міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет) (Ескерту: егер түсуші алдында Орталықтың бұл сайтына тіркелген болса, онда ол өтінішті өзінің «жеке кабинеті» арқылы бере алады. Ол үшін «Кіру» батырмасын басып, логин мен паролін енгізеді);

3)       алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль бар хаттыағымдағы жылдың соңына дейін жоюға болмайды);

4)       ЖСН көрсету және іздеу батырмасын басу (тегі, аты және әкесінің аты автоматты түрде шығады) және байланыс телефоны нөмірін көрсету (міндетті түрде). Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері үшін (18 жасқа толмаған) ата-анасының немесе заңды өкілінің ТАӘ және байланыс телефонын міндетті түрде енгізу (Ескерту: ЖСН-ы жоқ шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар (Қандастар) «ҚР ЖСН-ы жоқ» батырмасын таңдайды және келесі мәліметтерді енгізеді:

- ТАӘ (кирил жазуымен);

- ұлты;

- азаматтығы;

- туған күні;

- құжат нөмірі;

- байланыс телефоны.

«Сақтау» батырмасын басу керек, осы іс-әрекеттер орындалғаннан соң ҰБТ-ға тіркелу үшін 12 сандық код тағайындалады);

5)       «Өтініш беру» бөлімін таңдап, қатысушы санатын көрсету;

6)       қажетті тіркеу деректерін толтыру және келесі мәліметтерді таңдау:

- шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты (түрі, балы, тест тапсыру күні) (бар болған жағдайда);

- тапсыру тілі;

- бейіндік пәндер комбинациясы (Ескерту: түсуші бейіндік пәндер комбинациясын таңдаған кезде 1-ші және 2-ші мүмкіндікте бірдей пәндерді көрсетуі қажет, яғни екі мүмкіндікте де бейіндік пәндер комбинациясы бірдей болады);

- SAT, ACT, IB сертификаттары мәліметі (Ескерту: SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-ға өтініш беру кезінде сертификаттың түрін таңдап, балы мен тапсыру күнін енгізіп, көшірмелерін жүктейді);

-тестілеу күні, уақыты және орны;

- ерекше қажеттілігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) туралы мәлімет (Ескерту: ерекше мәртебесін растайтын құжатын («Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген) жүктейді).

7) тестіленушінің келісімімен және міндеттемесімен, сондай-ақ 18 жасқа толмаған ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің осы келісімдегі тармақтарымен мұқият танысу;

8) орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілерін қоспағанда, тестілеу үшін қалаған төлем әдісін таңдау және төлем жасау. Тестілеу құны – 4 230 теңге.

Тестілеуге қатысу үшін төлемді келесі тәсілдермен жүзеге асыруға болады:

- банк картасымен төлеу арқылы онлайн (банк картасымен төлеуді таңдаған кезде бағдарламада автоматты түрде төлем сайты ашылады);

- Kaspi.kz-пен төлеу арқылы онлайн (Kaspi.kz-пен төлеуді таңдаған кезде тапсырыс нөмірін қалыптастырып, қосымша немесе Kaspi.kz сайты арқылы төлеу қажет) (Ескерту: Төлемді тапсырысты қалыптастырғаннан кейін 1 сағат (60 минут) ішінде жасау керек, белгіленген уақытта жасамаған жағдайда, өтініш жойылады. Орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне тестілеуді тегін тапсыруға мүмкіндік беріледі, мәліметтері Ұлттық білім беру деректер қорымен (ҰБДҚ) сәйкестендіріледі).

9) «Менің іс-әрекетім» бөлімінде төлем жасағаннан кейін, қажет болған жағдайда өтінішке өзгеріс енгізуге (бейіндік пәндер комбинациясы мен тапсыру тілін өзгертуге) мүмкіндік беріледі (Ескерту: өтініш бергеннен кейін, тестілеу күнін, уақытын және орнын өзгертуге болмайды).

3.        ҰБТ-ға қатысу үшін төленген ақшалай қаражатты қайтару бойынша:

Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда өтініш беру деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет. Бұл жағдайда тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды uto@testcenter.kz электронды поштасына: X

1)       тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;

2)       тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;

3)       жеке куәліктің көшірмесін;

4)       төлем картасының көшірмесін (алдыңғы жағы);

5)       банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кездеқайтарылады.

Сондай-ақ тестілеу үшін төлем өтініштер қабылдау деректер базасы жабылғаннан кейін мынадай жағдайларда қайтарылады:

-егер тестіленуші бір тестілеу үшін бір кезеңде екі рет қателесіп төлем жасаса (қосарланған төлем);

-егер тестіленуші тестілеу үшін ақы төлеп, бірақ тестілеуге өтінішін бермесе;

-егер тестіленуші жақын туысының қайтыс болуына байланысты тестілеуге қатыспаса және растайтын құжаттарды ұсынса;

-егер тестіленуші денсаулығына байланысты емделуде немесе карантинде болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса;

-егер тестіленуші тергеуде болса немесе жол көлік оқиғасына ұшыраған болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса.

Өзге жағдайларда тестілеу үшін төленген ақша қаражаты қайтарылуға жатпайтынын атап өтеміз.

4. Тестілеу туралы ақпарат алу бойынша:

Өтініш тіркелгеннен кейін тестілеуді тапсыру орны мен уақыты туралы ақпарат тестіленушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады. Тестілеу туралы ақпаратпен танысу үшін тестіленушінің өзі жауапты болып табылады.

Тестілеуге дәлелді себепсіз келмеген жағдайда осы мерзімдегі тестілеуге қайта өтініш беру мүмкін емес болып табылады (Ескерту: Тестілеуге кіргізу оқуға түсушінің жеке басын сәйкестендіру үшін адамның бет-әлпетін көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы және тестіленушінің сыртқы келбетін жеке басын растайтын құжатпен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Он алты жасқа толмаған адамдарда білім беру ұйымынан бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған анықтама (фотосуретімен) және туу туралы куәлік болуы тиіс. Шетелде білім беру ұйымдарын бітірген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдардың паспорты болуы тиіс).

Орталық филиалдарының қызметкерлері, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары және ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларының жауапты хатшылары түсушілерді өтініш беру мерзімдерімен және алгоритмімен таныстырулары қажет.

Өтініштерді қабылдау туралы ұйымдастыру сұрақтары бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады: 8-(7172)-695292, 695280, 695096, 695287, 695071 (198, 186, 132, 193171).


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика