«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Астана медицина университеті» ҚеАҚ-на гранттар бөлді

Құрметті талапкерлер!

        «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша Қордың Қамқоршылық кеңесі 2023 жылғы 24 шілдеде бекіткен бағдарламаның жаңа редакциясына сәйкес 2023-2024 оқу жылына «Астана Медицина университеті» ҚеАҚ-на 10 орын бөлінгенін хабарлайды.

Бағдарламаға қатысушылар:

Грант үміткерлер ретінде Қазақстан Республикасының келесі азаматтары бола алады:

1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы табысы аз отбасылардан;

2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) мүгедектігі бар адамдар;

4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;

5) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

6) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар;

7) төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы қоса алғанда 29 жас. Грант екінші жоғары білім алуға берілмейді.

Құжаттар қабылдау мерзімі

Бағдарлама бойынша өтінімдер «Астана Медицина университеті» ҚеАҚ 2023 жылғы 1-17 тамыз аралығында қабылданады.

Қабылдау комиссиясы Астана қаласы, Абай көшесі 47 мекенжайы бойынша орналасқан.

Бағдарлама бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат/ диплом) (түпнұсқа);

2) жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлік (түпнұсқасы және 2 көшірмесі);

3) ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);

4) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет (аты-жөні мен мамандығын жазып қиып, қол қойыңыз);

5) 075-У үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У үлгідегі көшірме (егу картасының көшірмесі);

6) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді «Медицина», «Педиатрия», «Мейіргер ісі», «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Фармация», «Стоматология» білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін) (баспа түрде шығару);

7) IELTS 5.5 (Intermediate, B-1, TOEFL 567 және одан жоғары) баламалы ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификаттың көшірмесі. (егер бар болған жағдайда);

8)    Конверт (қағаз түрдегі) А4;

9)    Қағаз түріндегі папкасы.

 

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары»

қайырымдылық бағдарламасына қатысушының санатына

кандидаттың тиесілігін растайтын құжаттар

 

Кандидат

Құжат

1.

Барлығы үшін

- талапкердің ҰБТ нәтижелерінің түпнұсқасы, одан әрі білім алушының транскрипті;

- нотариус немесе жжокбұ куәландырған кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

2.

Ауылдық жерлерден, шағын және моноқалалардан аз қамтылғандар

 

 

- АӘК алушының ағымдағы жылға өзекті анықтамасының түпнұсқасы не нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған (көшірмесі дұрыс) (egov.kz) немесе кандидаттың тұрғылықты жері бойынша ауданның/қаланың/кенттің/ауылдың әкімдігінен/жұмыспен қамту орталығынан отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы анықтама (аз қамтылған отбасы), аудан/қала әкімінің орынбасарынан не кент/ауыл әкімінен төмен емес лауазымды адамның қолы қойылған анықтама.

- нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі (ауыл мектебі, шағын не моноқала мектебі).

Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

 

 

Нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған:

     - екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру туралы, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі)деп тану туралы сот шешімі;

     - баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі.

Мүгедектігі бар адамдар

 

Нотариус немесе жжокбұ куәландырған кандидаттың мүгедектігі туралы ағымдағы жылға өзекті анықтама (медициналық-әлеуметтік сараптама)

 

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан адамдар

 

Нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған:

- кандидаттың туу туралы куәлігінің көшірмесі және отбасы мүшесі қатарындағы мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баламен туыстық байланысын (қандық) растайды)

- отбасындағы балалардың (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың) мүгедектігі туралы ағымдағы жылға өзекті анықтаманың көшірмесі

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар;

- Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде)

Дерекнаманың негізінде жасалатын қордан анықтама

 

* Қор қажет болған жағдайда жжокбұ-дан не кандидаттардан тікелей қосымша құжаттарды сұратуға құқылы

·        Толық ақпарат үшін мына сілтемеге өтіңіз https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs/17-charity-ru/190-qazaqstan_halqyna_grant_program.html


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика