"АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ" КЕАҚ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ

Ø Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау: 10-24 тамыз.

Ø Ақылы негізде оқуға қабылдау: 18-24 тамыз.

1-қадам. 

Оқуға түсуге өтініш білдіру үшін электронды цифрлық қолтаңба  (ЭЦҚ) қажет.

Грант иегерлері тіркеу рәсімінен e-gov Үкіметтік электрондық порталы «Білім - Жоғары білім – жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (https://egov.kz/cms/ru/services/university_degree/pass_pryem1)  арқылы өтеді,  бұдан әрі «Platon» ақпараттық жүйесі арқылы «Талапкерлерді тіркеу» https://pl.amu.kz  өтініш береді ("Платонус" ақпараттық жүйесінде тіркеу жөніндегі нұсқаулық https://youtu.be/gKGcvXU0YOw) және құжаттарды университеттің қабылдау комиссиясына ұсынады.

Ақылы негізде оқуға түсушілер Platon ақпараттық жүйесі «Талапкерлерді тіркеу» (https://pl.amu.kz)  арқылы өтініш береді, кейін олар қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы арқылы ҚР БҒМ Мемлекеттік қызмет порталында (Пэпик) тіркеледі және құжаттарды университеттің қабылдау комиссиясына ұсынады.

Құжаттарды мына мекен-жайға тапсырады: Астана қаласы, Абай көшесі, 47

2-қадам. 10-ші тамыздан 24 тамызға дейін Университеттің қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру.

3-қадам. Оқу ақысын төлеу (ақылы бөлімге қабылдау кезінде).

4-қадам. Білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартқа қол қою.

Оқуға қабылдау құжаттарының тізбесі

1) Университет Ректорының атына белгіленген форма бойынша өтініш;

2) білімі туралы құжат (аттестат/ диплом) (түпнұсқасы көшірмесі және скан нұсқасы);

3) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы көшірмесі және скан нұсқасы);

4) ҰБТ сертификаты ( ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде болу қажет, скан нұсқасы);

5) 3 x 4 см, өлшемдегі (6 дана, аты-жөні мен мамандығын қиып, қол қою);

6) 075/у форма бойынша медициналық анықтама (түпнұсқа және көшірме), флюорографияның суреті, 063-У форма (егу картасы көшірме);

7) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді ("Медицина", "Педиатрия", "Мейірбике дело", "Кинезитерапия", "Эрготерапия", "Стоматология", "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін) (басып шығарылған түрде);

8) IELTS 5.5 (Intermediate, В-1, TOEFL 567 және одан жоғары) ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (бар болса, түпнұсқасы көшірмесі және скан нұсқасы);

9) басым құқықты растайтын құжаттар (бар болса, түпнұсқасы көшірмесі және скан нұсқасы):

- алтын белі, үздік аттестат, үздік диплом, көрсеткен патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін үздік белгісі иегерлері,

- тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және соңғы үш жылдағы спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары, сондай-ақ жеңімпаздар ағымдағы оқу жылының жалпы білім беретін пәндері бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), олар таңдаған мамандық олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың нысанасына сәйкес келген жағдайда,

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлға ҚР Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады;

10) әлеуметтік санатты үшін растайтын құжаттар (бар болса, түпнұсқасы көшірмесі және скан нұсқасы):

- медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілмеген, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер қатарындағы азаматтар, бала кезінен мүгедектігі бар тұлға, мүгедектігі бар балалар;

- басқа мемлекеттер аумағындағы бо қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

- ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарды ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқытуға;

- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлға;

-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;

- төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар;

- осы мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балалар;

- бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек тұлға;

10) білім беру грантын беру туралы куәлік (бар болса, түпнұсқасы көшірмесі және скан нұсқасы);

11) тіркеу куәлігі (ұлдар үшін, көшірмесі);

12) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт;

13) А4 конверті;

14) қағаз папка байланыстырғыш.

PDF форматындағы барлық құжаттардың электрондық нұсқасы болуы қажет.

ҚҰЖАТТАР ОФЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Кәмелетке толмаған, 18 жасқа толмаған талапкерлер ата-анасымен немесе заңды қамқоршысымен қабылданады. Ата-анасының немесе қамқоршысының біреуі болмаған жағдайда, талапкерді ертіп жүрушілер ата-анасынан немесе заңды қамқоршысынан нотариаттық сенімхат беруге тиіс.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: 09:00-18: 00. Түскі үзіліс: 13:00-14: 00

Мекен-жайы: Астана қ., Абай даңғылы 47.

Қабылдау комиссияның телефондары:

+7 7172 48-20-54

+7 7172 49-09-50


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика