Студенттік жатақханаға орналасу үшін өтініштер қабылдау

Жатақхана 2 блоктан тұрады

Ауданы: 11 439 ш. м

Төсек-орын саны: 1 177



Мекен-жайы:
Астан қаласы
Жеңіс даңғылы, 35, 35А

Байланыс:

Астана Қ.

тел.: 8(7172) 53-95-20, 59-95-42.

Университет жатақханасына орналасуға өтініш Platonus ААЖ арқылы беріледі.


Өтініштерді қарауды қоныстандыру жөніндегі комиссия жүргізеді, содан кейін хабарлама Platonus-қа жіберіледі.

УНИВЕРСИТЕТ ЖАТАҚХАНАСЫНДАҒЫ ОРЫНДАРМЕН, БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ, ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНАН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕР ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ.

  • Балалар үйлері түлектерінің қатарынан жетім, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
  • I және II топтағы мүгедек студенттер немесе жақын туыстары (әкесі, анасы);
  • Асыраушысынан айрылу себебінен толық емес отбасынан шыққан студенттер;
  • Ата-аналары Семей полигонына, Байқоңырға, Чернобыль жарылысына және адам денсаулығына зиян келтіретін зиянды өндіріске қатысы бар Студенттер;
  • Көп балалы отбасылардан шыққан студенттер (4 және одан да көп мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар);
  • Ата-анасы интернационалдық әскер контингенті құрамында ұрыс қимылдарына қатысқан студенттер;
  • Оралман студенттер;
  • Студенттер-алыс және жақын шетелден келген шетелдіктер.

Өтініштер тек 2-5 курс студенттерінен ҚАБЫЛДАНАДЫ.

1 семестрде оқыту қашықтықтан (онлайн) форматта ұйымдастырылуына байланысты келесі білім алушылардан өтініштер ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ:

  • Барлық мамандықтардың 1 курс студенттері,
  • "Қоғамдық денсаулық сақтау"мамандығының 2 курс студенттері
  • "Фармация" мамандығының 2 және 3 курс студенттері

Student-Dorm.jpg
student-dormitories.jpg



Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика