Клиникалық психология кафедрасы

Клиникалық психология кафедрасы

Басшылық
Қаражанова Анар Серікқазықызы
Кафедра меңгерушісі

Медицина ғылымдарының докторы, дәрігер психиатр нарколог, жоғары санатты психотерапевт.

Семей мемлекеттік медицина академиясын бітірген, мамандығы - дәрігер-педиатр (1997 ж.).

"Нашақорлық проблемаларының медициналық-әлеуметтік республикалық ғылыми-практикалық орталығы" РМҚК, докторантура, "Психиатрия (наркология, психотерапия)" мамандығы.

 

e-mail:aks_nur@mail.ru, karazhanova.a@amu.kz

Кадрлық құрам

Мақсаты

 

Психология, психотерапия және психиатрия саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге негізделген клиникалық психологияның негізгі принциптері бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.

    Құру тарихы

       

        Клиникалық психология кафедрасы Астана медицина университетінің (АсМУ КеАҚ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2020 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді.

Қызметі

 

Кафедра үш деңгей бойынша дайындықты жүзеге асырады: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, біліктілікті арттыру факультеті (БАФ) базасында қосымша үздіксіз білім беру.

        Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:

- оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім алушылардың оқу, әдістемелік, клиникалық, тәрбие жұмысын, оқытудың ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауын ұйымдастыру және жүргізу;

-ғылыми-зерттеу жұмыстарын және инновациялық технологияларды жоспарлау және жүргізу;

- жұмыс берушілермен және білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды дайындау, нығайту және дамыту бағыттары бойынша кафедраның даму стратегиясын әзірлеу.

Кафедра қызметкерлері жоғары оқу орнында, республикалық, халықаралық деңгейдегі курстарда, семинарларда, шеберлік сыныптарында кәсіби және педагогикалық құзыреттілікті үнемі арттырып отырады.

Жетістіктер

 

Кафедра қызметкерлері ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық және республикалық жобаларды іске асыруға, клиникалық хаттамаларды, салалық деңгейдегі, ДДСҰ, Жаһандық қордың, ЮНИСЕФ, Сорос-Қазақстан қорының стандарттары мен НҚА әзірлеуге белсенді қатысады, сондай-ақ сараптамалық және консультациялық-кеңесші органдарда және Бүкілресейлік кәсіби психотерапиялық Лигадағы кәсіби қауымдастықтарда, ҚР балалар неврологтары, нейрофизиологтары, психиатрлары және психотерапевтер қоғамында, ҚР психологтар қауымдастығындағында, Ресейдің халықаралық психологиялық ғылымдар академиясында мүше болып табылады.

Байланыс телефоны: +7 (705) 830 1721

                                        +7 (771) 536 0000

                                        +7 (707) 257 5766

Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік даңғылы, 49, каб.506.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика