Дусмагамбетова Айгуль Мукатовна
Кафедра меңгерушісі
Микробиология, вирусология, паразитология және иммунология саласында терең білімі бар, инфекциялық ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеуде заманауи ғылыми жетістіктерді қолдана алатын жоғары білікті студенттерді даярлау. Ғылыми қызметте кафедра іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, инновациялық әдістер мен технологияларды әзірлеуге, сондай-ақ алынған нәтижелерді білім беру процесіне интеграциялауға бағытталған.

Оқытушылар мен зерттеушілер
Кафедра меңгерушісі
Кафедра меңгерушісі
б.ғ.к., профессор
б.ғ.к., профессор
биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының профессоры. Осы ұжымдағы еңбек өтілі – 48 жыл.
Екі жоғары білімі бар. 1974 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын «Электрохимиялық өндірістер технологиясы» мамандығы бойынша аяқтаған; кафедраның бейіні бойынша екінші базалық мамандық алу мақсатында 1995 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология факультетін «Биология» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы мемлекеттік тілде «Іріңді-қабыну аурулары бар науқастарда озонотерапияны қолданудың микробиологиялық аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. «Биология» мамандығы бойынша доцент (қауымдастырылған профессор) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы БҒМ Білім және ғылым саласында бақылау комитетінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы №10 хаттамасымен берілген. 2005 жылдан 2022 жылға дейін Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасында доцент қызметін атқарды. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін осы кафедраның профессоры болып табылады.
90-нан астам ғылыми мақаланың, соның ішінде Scopus және Web of Science базаларында, 13 оқу құралының, 9 авторлық куәліктің авторы.
Хирша индексі: Google Scholar – 3, Scopus – 2, Web of Science – 2.
Көпжылдық еңбегі үшін Рахметова Н.Б. ҚР ДСМ және университет басшылығының ведомстволық наградалары мен алғыс хаттарымен марапатталған:
- 2011 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (куәлік №935);
- 2014 жылы «Астана медицина университетіне 50 жыл» медалі;
- 2017 жылы «Қызметіне адалдығы үшін» номинациясының лауреаты болды;
- 2024 жылы «Еңбек ардагері» медалі;
- 2024 жылы «Астана медицина университетіне 60 жыл» медалі.
м.ғ.к., профессор
м.ғ.к., профессор
медицина ғылымдарының кандидаты (Ph.D.), қауымдастырылған профессор. 1994 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының медициналық-профилактикалық факультетін, бактериология мамандығы бойынша субординатураны бітірді. 1999 жылы 03.00.07 - микробиология, 14.00.36 - аллергология және иммунология мамандықтары бойынша «Иммунологиялық жетіспеушілігі бар адамдарды кешенді тексеруде инфекцияға қарсы қорғау көрсеткіштерін пайдалану» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми және педагогикалық тағылымдамадан Уппсала (Швеция), Нью-Мехико (АҚШ), Барселона (Испания), Санкт-Петербург (Ресей) қалаларында өтті.
170-тен астам ғылыми мақаланың, оның ішінде Scopus және Thomson Reuters базаларында, 5 монография, 15 оқу құралы, өнертабысқа 3 патент, 3 авторлық куәліктің авторы. Хирша индексі: Google Scholar - 5, Scopus - 4, Web of Science - 4.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған: 2020 ж - «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, 2022 ж - «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі. 2023 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Ел мақтанышы - Жүз есім» тізіміне енді.
м.ғ.к., профессор
м.ғ.к., профессор
03.00.07 - микробиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты, 14.00.00 – медицина мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор.
«Жалпы медицина» және «Педиатрия» мамандықтарының білім беру бағдарламалары жөніндегі комитеттің мүшесі, кафедраның оқу-әдістемелік жұмысына жауапты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде белсенді түрде оқытушылық қызмет атқарады. 75-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік жарияланымның, 17 оқу құралы мен 11 енгізу актісінің авторы. 2019 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ресми рецензенті. 2019 жылы Вена қаласында өткен «An International Association for Medical Education» халықаралық конференциясына қатысып, 2022 жылы Израильде ғылыми тағылымдамадан өтті. «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының стипендианты. 2022 жылдан бастап «Микробиология» пәні бойынша шетелдік студенттердің академиялық мобильділігін қадағалайды.
Астана Медициналық университетіндегі марапаттары: «Ең үздік жас педагог» (2009 ж.) және «Үздік дәріскер» (2017 ж.). Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2022 ж.) төс белгісі және «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» (2022 ж.) төс белгісі.
м.ғ.к., профессор
м.ғ.к., профессор
м.ғ.к., кафедраның профессоры. 2004 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі үшін «Влияние озона, малых доз постоянного электрического тока и бихромата калия на течение раневого процесса и биологические свойства возбудителей раневой инфекции (Экспериментально-клиническое исследование, 14-00-27 –хирургия мамандығы бойынша) тақырыбына диссертация қорғады. 5 оқу құралының, 2 рационализаторлық ұсыныстар, 1 патентің, 1 авторлық куәлігінің және бірнеше ғылыми және оқу жетістіктерінің оқу процессіне енгізу актілерінің иегері. 60-тан астам мақаланың авторы.Ғылыми ізденістерінің басым бағыттары: Іріңді –қабыну аурулардың микробиологиясы, ауру және сау организмнің микроэкологиясы.
Хирш индексі: Scopus – 1, Google Scholar – 2.
доцент-зерттеуші
доцент-зерттеуші
Берлин қаласында (Германия) Гумбольдт университетінің Charité Universitätsmedizin Berlin ғылыми зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті, сондай-ақ Түркияның Анталия қаласында өткен Turk Mikrobiyoloji Kongresi аясында туберкулездің латентті түрін диагностикалауға арналған «IGRA-Test жүйелері» бойынша тәжірибеден өтті.
40-тан астам ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде Scopus және Thomson Reuters базаларында жарияланған еңбектері бар. 2 монографиясы, 2 өнертабысына патенті, 9 авторлық куәлігі бар.
Хирш индексі: Google Scholar – 3, Scopus – 2, Web of Science – 2.
доцент
доцент
философия докторы (PhD), доцент. 2004–2008 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінде 050701 «Биотехнология» мамандығы бойынша білім алған. 2009–2011 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6М060700 «Биология» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған.
2008–2009 жылдары жалпы химия және биохимия кафедрасында аға лаборант болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін КеАҚ «Астана Медициналық университетінде» «Иммунология негіздері» пәні бойынша оқытушылық қызметін жүзеге асыруда.
2016-2024 жылдар аралығында HAAIS университетінде 8D051«Биотехнология» мамандығы бойынша доктарантурада оқыды. «Anti-Melanoma efficacy of traditional multi-herbal extracts from mongolian ethnomedicine on B16F10 murine cells» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Философия ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесін 2024 жылғы 28 тамызда алды.
Кафедрада «Иммунология негіздері» пәніне және студенттермен бірге атқарылатын ғылыми жұмысқа жауапты. Сонымен қатар 3 курс студенттері үшін қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеумен айналысады (мамандықтар: «Медицина», «Педиатрия», «Стоматология»). Студенттер оның жетекшілігімен ғылыми конференцияларға қатысады.
2015-2016 оқу жылында Медициналық қызметкерлер күніне орай және қоғамдық жұмысқа белсене қатысқаны үшін «Алғыс» грамотасымен, 2019-2020 оқу жылында Медициналық қызметкерлер күніне орай, білім және ғылым саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Құрмет грамотасы» грамотасымен марапатталған.
Аға оқытушы
Аға оқытушы
аға оқытушы, биология ғылымдарының магистрі. 2000 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетіне түсіп, 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін 510850 «Биология» мамандығы бойынша ғылым магистрі деген академиялық дәреже берілді. «Микробалдырларды судың ластану дәрежесін анықтау үшін биоиндикатор ретінде қолдану» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады.
2013 жылдан бастап осы күнге дейін КеАҚ «Астана Медицина Университеті» Иммунология негіздері пәнінен оқытушылық қызметін атқаруда. Кафедрада тәрбие ісіне, кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты. 3 курс Медицина, Педиатрия, Стомотология мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік кешендерін орыс тілінде жасауға жауапты. Студенттері бірнеше ғылыми конференцияларға қатысуда.
2025-2026 оқу жылында университет бойынша кураторлар жұмысын рейтинг жүйесімен бағалау нәтижесінде университет басшы құрамынан құрылған комиссия шешімі бойынша 1 орын «Үздік Куратор» номинациясын иеленді. 11.06.2024 жылы Университет атынан «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
аға оқытушы
аға оқытушы
магистр, дәрігер-микробиолог. Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының медициналық-биологиялық факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасында ассистент қызметінен бастады. 2008 жылдан 2018 жылға дейін ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМҚК-да дәрігер-зертханашы болып жұмыс істеді. Бүгінде Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының аға оқытушысы болып табылады.
2018 жылы мемлекеттік тілде «Антимикробтық препараттардың тазалығын мембраналық фильтрация әдісімен зерттеудің тиімділігі» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады (ғылыми жетекшісі – м.ғ.к., профессор Байдуйсенова А.У.). Бекниязова Г.А. – медицина және фармацевтикалық микробиология, эпидемиология саласында 40-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. 2024 жылғы 21 маусымда өткен «Медициналық микробиологияның өзекті сұрақтары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан. ККСОН БҒМ РК ұсынған, сондай-ақ Scopus және Web of Science базасына енген журналдарда 35 ғылыми мақаласы жарияланған.
«Астана медициналық университеті» КЕАҚ Ректорының (2019 ж.) алғыс хаты, кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» (2020 ж.), ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Алғыс хаты» (2023 ж.) сияқты марапаттары бар.
аға оқытушы
аға оқытушы
биология ғылымдары магистрі, аға оқытушы. Жалпы еңбек өтілі: 15 жыл. "Астана медицина университеті" КЕАҚ, «Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология» кафедрасында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Еңбек қызметі барысында педагогикалық, кәсіби, ғылыми-зерттеу қызметі бойынша біліктілікті арттырудың түрлі бағдарламаларына қатысқан және сертификаттар мен куәліктерге ие. Мемлекеттік, орыс тілдерін жетік меңгерген.
аға оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі
аға оқытушы, медицина ғылымдарының магистрі
медицина ғылымдарының магистрі, аға оқытушысы.
2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Биотехнология» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы «Медициналық профилактикалық ісі» мамандығы бойынша «Астана медицина университеті» АҚ магистратурасын аяқтаған.
Жақын және алыс шетелдерде, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі БҒСБК ұсынған журналдарда жарияланған 20 ғылыми мақаланың авторы. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 4 оқу құралының бірлескен авторы: 1. «Қазіргі серологиялық диагностика әдістері»; 2. «Микробиология бойынша терминологиялық сөздік»; 3. «Жеке микробиология»; 4. «Аэробты және анаэробты бактериялардың бактериологиялық диагностикасы». 9 авторлық куәлік пен білім беру процесіне енгізілген 1 актіге ие.
Кафедрадағы студенттік ғылыми үйірмесіңде студенттермен белсенді жұмыс атқарады. Педагогикалық және ғылыми біліктілігін жыл сайын арттыраты. Медицина қызметкерлер күніне орай Алғыс хатпен марапатталған, 2015 жыл.
аға оқытушы
аға оқытушы
аға оқытушы, биология ғылымдарының магистрі. Жалпы еңбек өтілі: 15 жыл. "Астана медицина университеті" КЕАҚ, «Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология» кафедрасында 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Еңбек қызметі барысында педагогикалық, кәсіби, ғылыми-зерттеу қызметі бойынша біліктілікті арттырудың түрлі бағдарламаларына қатысқан және сертификаттар мен куәліктерге ие. Студенттермен әр түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады. Қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.
аға оқытушы
аға оқытушы
Мухашева Назым Еркиновна - аға оқытушы, биология ғылымдарының магистрі. 2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетіне түсіп, 2013 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін 6М011300 «Биология» мамандығы бойынша ғылым магистрі деген академиялық дәреже берілді. 2013 жылы Түркия Республикасының Солтүстік Кипр аймағындағы Фамагуста қаласында орналасқан Шығыс Жерорта теңізі университетінде педагогикалық тағылымдамадан өткен.
2011 жылдан бастап осы күнге дейін КеАҚ «Астана Медицина Университеті» Иммунология негіздері пәнінен оқытушылық қызметін атқаруда. Кафедрада тәрбие ісіне, инновациялық қызметке жауапты. 3 курс Медицина, Педиатрия мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік кешендерін қазақ тілінде жасауға жауапты. Студенттері бірнеше ғылыми конференцияларға қатысуда.
2019 оқу жылында Қырғызстан мемлекетінің Ош қаласында өткен Түркі әлемінің 1-ші Халықаралық жаратылыстану және медицина ғылыми конгрессіне қатысып "Ешкі сүтінің иммундық жүйеге иммуномодуляторлық әсері" тақырыбында мақала жазған. 2025-2026 оқу жылында Ғылыми педагогикалық мекемелері арасындағы халықаралық зерттеу конкурсы нәтижесінде 1-дәрежелі «Үздік педагог» төсбелгісімен және дипломымен марапатталды.
аға оқытушы, докторант
аға оқытушы, докторант
медицина ғылымдарының магистрі, кафедра докторанты
Жалпы еңбек өтілі — 14 жыл. Кафедрада 2011 жылдан бастап жұмыс істейді.
Еңбек жолында педагогика, кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметі бойынша түрлі біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өткен, тиісті сертификаттар мен куәліктерге ие.
7 ғылыми жарияланымның авторы, соның ішінде 2 мақала — Scopus дерекқорында индекстелетін журналдарда жарияланған.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. IELTS сертификатына ие және шетелдік студенттерге сабақ береді.
аға оқытушы, докторант
аға оқытушы, докторант
«Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының аға оқытушысы. 20-дан астам ғылыми мақаланың және 5 оқу құралының авторы. Ғылыми конференциялар, семинарлар мен әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді түрде қатысып келеді. «Адамның кіндік қанынан және синовиалды қабықшасынан бөлініп алынған мезенхималды бағаналы жасушалардың пролиферативті және дифференциялды потенциалы» тақырыбында «Биология» мамандығы бойынша магистрлік диссертациясын қорғаған.
Жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсене қатысып, өзге жоғары оқу орындарының студенттеріне дәрістер мен тәжірибелік сабақтар жүргізеді, заманауи оқыту әдістемелерін енгізу тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуға және ғылыми-академиялық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып келеді. Назгул Сеитбековнаның кәсіби қызметі медициналық білім берудің сапасын арттыруға, студенттердің клиникалық ойлау қабілетін, кәсіби этикасын және ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған.
Жоғары кәсіби жетістіктері үшін «Астана медицина университеті» КеАҚ Алғыс хаттарымен, сондай-ақ Халықаралық ғылым мен білімнің инновациялық әдістемесі орталығының «Үздік ұстаз» I дәрежелі дипломымен марапатталған. «Астана медицина университеті» КеАҚ «Ең үздік кураторы – 2024» құрметті атағы берілді. Бұл марапат — оның жоғары кәсіби шеберлігін, тәрбие ісіне адалдығын және университет өміріне белсенді қатысуын айқындайтын зор жетістік.
аға оқытушы, докторант
аға оқытушы, докторант
«Астана медицина университеті» КеАҚ докторанты, аллерголог-иммунолог дәрігер, микробиология және вирусология кафедрасының аға оқытушысы. «АМУ» КеАҚ-ның 2024 жылғы «Үздік түлегі». 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы және халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы. Ресей мен Түркияда ғылыми-клиникалық тағылымдамалардан өткен, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметімен белсенді айналысады. Scopus/Web of Science базалары бойынша Хирш индексі – 2.
лаборант
лаборант
кафедраның лаборанты, кафедрада 2015 жылдан бастап жұмыс істейді.
лаборант
лаборант
кафедраның лаборанты, кафедрада 2026 жылдан бастап жұмыс істейді.
Қызметкерлер табылмады.