Анестезиология және интенсивті терапия №2 кафедрасы

Анестезиология және интенсивті терапия №2 кафедрасы

Басшылық
Мустафин Алибек Хамзенович

Құрылу тарихы

Анестезиология және реаниматология кафедрасы 2014 жылдың қыркүйек айында №2 қалалық аурухана негізінде құрылды. Сондай-ақ, кафедра базалары №1 перинаталдық орталық, №1 қалалық аурухана, №2 қалалық балалар ауруханасы, "Ұлттық ғылыми медициналық орталық"АҚ болып табылады.

Алғашқы күндерінен бастап кафедрада оқытушылық және емдік қызметпен қатар анестезиология мен реаниматологияның әртүрлі бағыттары бойынша зерттеулер жүргізілуде, олардың нәтижелері тәжірибеге енгізілуде.

Кафедра қызметкерлерінің халықаралық және республикалық сипаттағы жинақтар мен журналдарда әртүрлі операциялық араласулар кезіндегі анестезиологиялық аспектілерді баяндайтын бірқатар мақалалары бар.

Емдеу-практикалық жұмыс-кафедра қызметінің ажырамас бөлігі. Ол негізінен кафедра орналасқан негізгі медициналық мекемелерде шоғырланған.

Қызметі

Оқу-әдістемелік жұмыс

Оқу процесінде клиникалық жағдайларды талқылау арқылы клиникалық ойлауды дамыту әдісі қолданылады.

Интерн-дәрігерлерге, резиденттерге дәріс-дискуссиялар оқылады, дәріс-презентациялар көрсетіледі.

Байланыстар

Нұр-Сұлтан қаласы, Т. Рысқұлов көшесі, 6-үй ШЖҚ "2 Қалалық клиникалық аурухана" МКК

Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика