№1 Акушерия және гинекология кафедрасы

№1 Акушерия және гинекология кафедрасы

Басшылық
Хамидуллина Зайтуна Гадиловна
кафедра меңгерушісі

Хамидуллина Зайтуна Гадиловна – профессор, PhD, жоғары санатты білікті акушер-гинеколог дәрігері, 2019 жылдан бастап №1 акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі. Оның көпжылдық кәсіби қызметі тек практикалық медицинаны ғана емес, сонымен қатар ғылыми жұмысты, сондай-ақ медицина ғылымы мен білім берудің дамуына белсенді қатысуды қамтиды.

         Білім және мансап

         Зайтуна Гадиловна 1988 жылы Семей медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған. Өз мансабын босандыру мекемелерінде бастап, кәсіби өсуінің арқасында 2011 жылы Астана қаласындағы «№1 Перинаталдық орталық» МКК ШЖҚ директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, ал 2014 жылы «№3 Перинаталдық орталық» МКК ШЖҚ бас дәрігері лауазымын атқарды. 2019 жылдан бастап Астана медициналық университетінің акушерия және гинекология кафедрасын басқарып келеді. 2021 жылы Астана қаласының Акушер-гинекологтар федерациясын құрып, оның төрайымы болды.

        Ғылыми жетістіктер және практикалық қызмет:

        Хамидуллина З.Г. — медицина ғылымдарының кандидаты (2011), сондай-ақ «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторы (2018). 2024 жылы профессор құрметті атағын алды. Ол оқу құралдарының, көптеген ғылыми еңбектердің, оның ішінде халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалардың авторы. Оның практикалық қызметі акушерия-гинекологиялық операциялардың барлық түрлерін қамтиды. Хамидуллина Астана қаласының босандыру мекемелеріне консультативтік және жедел көмек көрсетеді.

         Марапаттар және қоғамдық қызмет:

         Зайтуна Гадиловна денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген марапаттар мен атақтарға ие болды. Ол «ҚР денсаулық сақтау үздігі» атағына және жоғары біліктілік санатындағы акушер-гинеколог дәрігері атағына ие. Хамидуллина «АМУ» КеАҚ Ғылыми кеңесінің мүшесі, резиденттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі, сондай-ақ әртүрлі кәсіби ассоциациялардың белсенді мүшесі, оның ішінде гинеколог-репродуктологтар ассоциациясы, эндометриоз бойынша гинекологтар ассоциациясы және ҚМПҚ ассоциациясы. Сонымен қатар ол Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы лауазымын атқарады.

Марапаттар:

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2016)

«Астана – 20 жыл» медалі (2018)

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың алғыс хаты (2020)

Н. Назарбаевтың алғыс хаты (2021)

«Еңбек ардагері» атағы (2021)

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі (2021)

«Құрмет» ордені (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 маусымдағы марапаты)

«Живая легенда» («Тірі аңыз») сыйлығы (2025)

Зайтуна Гадиловна акушерия және гинекологияны дамытуға елеулі үлес қосып келеді және жас мамандар мен студенттерге үлгі болып табылады.

Кадрлық құрам

Мақсаттар

Акушерия, гинекология және балалар гинекологиясы саласында болашақ дәрігерлерді дайындаудың мақсаты — студенттерде терең теориялық базаны қалыптастыру, клиникалық ойлауды дамыту және алған білімді жүкті әйелдерді, босанушыларды, босанған әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және гинекологиялық науқастарды ұтымды жүргізу үшін практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру. Оқыту барысында диагностика, емдеу, босандыру және жедел көмек әдістерін меңгеруге, сондай-ақ клиникалық патология дағдыларын және әртүрлі акушериялық пен гинекологиялық аурулары бар пациенттерді, оның ішінде жедел және күрделі клиникалық жағдайларды жүргізуге кешенді тәсілді қалыптастыруға баса назар аударылады.

Құрылу тарихы

  1967 жылдың тамыз айында КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Целиноград мемлекеттік медицина институтында акушерия және гинекология кафедрасы ашылды. Сол кезеңде кафедра меңгерушісінің міндеттерін медицина ғылымдарының кандидаты Г.И. Забирова атқарды. 1969 жылы кафедраның алғашқы меңгерушісі болып доцент Сара Евсеевна Поллак тағайындалды, ол кафедраны 1974 жылға дейін басқарды. Кейіннен кафедраны басқарғандар: К.И. Малевич (1975–1978), О.С. Шишкина (1978–1979), Р.Ф. Ивашевская (1979–1982), А.Т. Туринцев (1982–1992), К.Ж. Кульбаева (1997–2001), Г.У. Ахмедьянова (1992–2019). Қазіргі уақытта кафедраны Хамидуллина Зайтуна Гадиловна басқарады.

Қызметі

Акушерия және гинекология кафедрасы — Университеттің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол оқу орнының мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған оқу, әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу, клиникалық және инновациялық қызметті жүзеге асырады. Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыттары — әйелдердің, балалардың және жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ана мен перинаталдық өлім және оларды анықтайтын факторлар, акушериялық пен хирургиядағы іріңді-септикалық аурулар, акушериядағы бактериялық инфекцияны болжау мен алдын алу, сонымен қатар репродуктивтік технологиялардың заманауи әдістерін пайдалана отырып ана қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу.

Жетістіктер

Акушерия және гинекология кафедрасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, білім беруді басқару органдарымен, республикалық оқу орындарымен және бейінді медициналық ұйымдармен ғылыми-білім беру ынтымақтастығын белсенді дамытуда. Қызметтің басым бағыттарының бірі — ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, кәсіби байланыстарды нығайту және медицина ғылымының заманауи жетістіктерін білім беру процесі мен клиникалық практикаға енгізу.

           Кафедра жыл сайын «Акушериялық-гинекологиялық көмек көрсетудегі мультидисциплинарлық тәсіл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырады. Оған акушерия, гинекология және репродуктивтік медицина саласындағы жетекші отандық және шетелдік профессорлар мен сарапшылар қатысады. Конференцияның офлайн және онлайн форматта өткізілуі ғылыми білім алмасуға, саланың өзекті мәселелерін талқылауға және озық клиникалық тәжірибені таратуға ықпал етеді.

           2021 жылдан бастап кафедра Астана қаласының алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) дәрігерлерін акушерия мен гинекологияның өзекті мәселелері бойынша оқытады. Оқыту тікелей емханалар базасында ұйымдастырылады және жоғары қауіп тобындағы пациенттерге кеңес беруді, медициналық құжаттаманы талдауды, клиникалық жағдайларды талдауды және пациенттерді жүргізудің одан әрі тактикасын әзірлеуді қамтиды. Бұл жұмыс дәрігерлердің кәсіби құзыреттерін арттыруға және медициналық көмек сапасын жетілдіруге бағытталған.

           Білім беру қызметі аясында кафедра студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын белсенді қолдайды, қазақстандық және шетелдік серіктес ұйымдармен алмасуды жүзеге асырады. Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарымен, оның ішінде Алматы, Семей және Қарағанды қалаларындағы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, білім алушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтуге және жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

           Кафедраның маңызды жетістігі — жас зерттеушілердің жоғары ғылыми белсенділігі. Кафедраның интерндері, резиденттері, магистранттары мен ассистенттері жыл сайын студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференцияларына қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Бұл нәтижелер кафедраның ғылыми әлеуетті дамытуға, жас ғалымдарды қолдауға және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді.

Байланыс

Астана қ., А. Молдағұлова көшесі, 28.
№3 Қалалық көпбейінді аурухана
Кафедра телефоны: 381097.

Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика