Зертханалық медицина кафедрасы

Зертханалық медицина кафедрасы

Басшылық
Молдабаева Алтын Кабдолловна
кафедра меңгерушісі

Құрылу тарихы

2012 жылдан бері «Клиникалық зертханалық диагностика» пәні интернатураның «Ішкі аурулар» кафедрасы құрамына кірді. 2019 жылы Зертханалық медицина кафедрасы дербес кафедра болып құрылды.

Жалпы практика дәрігері мамандығы бойынша 6 - курс студенттеріне «Клиникалық зертханалық диагностика» пәнін оқытады. Сонымен қатар, кафедрада зертханалық қызмет мамандарының біліктілігін арттыру және даярлау жүргізіледі.

Мақсаттар

Студенттердің «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша білім беру, клиникалық-диагностикалық және ғылыми қызметтерін, сонымен қатар үздіксіз кәсіптік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру.

Практикалық денсаулық сақтау саласының іргелі және басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, диагностикалық инновациялық әдістерді және ғылыми - зерттеу жұмыстарынан алынған нәтижелерді енгізу.

Қызмет

  • МЖМБС (ГОСО) жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • әдістемелік – ұйымдастыруды қамтамасыз ету және инновациялық технологияны білім беру жүйесіне енгізу;.
  • білім алушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту;
  • кең спектрлі заманауи зертханалық зерттеулермен таныстыру және тексеру көрсетімдері мен қарсы көрсеткімдердін ескере отырып, зертханалық зерттеулердің жоспарын құру;
  • клиникалық мәселелерді шешу үшін  зертханалық диагностика алгоритмін оңтайландыру жолымен клиникалық ақпараттылық пен аналитикалық сенімділік, уақытылы орындалуы секілді талаптарға жауап беретін, зертхана және клиника арасында байланыс орнату.

Байланыс деректері

Кафедра Нұрсұлтан қаласы әкімдігінің ШЖК «№ 4 Қалалық емхана» МКК базасында, Шевченко көшесі, 1 (3 қабат), мекенжайы бойынша орналасқан

e-mail: labmed19@mail.ru.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика