Студенттік ғылыми қоғам

Студенттік ғылыми қоғам

Кадрлық құрам
Бағыныстағы бөлімшелер

СТУДЕНЧЕСКОЕ НАУЧНОЕ ОБЩЕСТВО ЛОГО.png

«Астана медицина университеті» КеАҚ Студенттік ғылыми қоғамы (бұдан әрі – СҒҚ) ғылыми – ұйымдастыру және зерттеу жұмысына белсенді қатысатын студенттер мен магистранттардың, сондай-ақ «АМУ» КЕАҚ докторанттары мен педагогтері қатарындағы жас зерттеушілердің ғылыми бірлестігі болып табылады.

СҒҚ мақсаты:

студент жастардың шығармашылық қабілеттерін ашу және тәрбиелеу үшін жағдай жасау, осы негізде «АМУ» КЕАҚ-дың зияткерлік әлеуетін сақтау және толықтыру, студенттердің ғылыми ‒ зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кафедралардың жұмысын ынталандыру (бұдан әрі-СҒЗЖ), «АМУ» КЕАҚ-дың жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмысына жәрдемдесу, ғылым мен білім беруді интеграциялауды одан әрі дамыту.

СҒҚ МІНДЕТТЕРІ:

1. Зерттеу жұмысына қатысу арқылы студенттердің оқу материалын шығармашылықпен және тереңдетіп меңгеруге деген ынтасын қалыптастыру;

- студенттердің өз мамандығына зерттеу қызметі арқылы шығармашылық қарым-қатынасын тәрбиелеу, болашақ мамандардың жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

2. Жаңа білім құрудың негізі ретінде «АМУ» КЕАҚ студенттерінің зерттеулерге деген қызығушылығын дамыту;

3. «АМУ» КЕАҚ студенттері арасында ғылым мен практиканың бірлігі қағидаттарына сәйкес ғылыми шығармашылықтың әртүрлі нысандарын тарату;

4. Жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының нәтижелерін жариялауға және практикаға енгізуге жәрдемдесу;

5. «АМУ» КЕАҚ студенттеріне халықаралық және ЖОО аралық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, ғылыми съездерге қатысуға жәрдемдесу;

6. Гранттарды, атаулы стипендияларды, сыйлықтарды және моральдық және материалдық көтермелеудің басқа да нысандарын алуға жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарын ұсынуға жәрдемдесу;

7. Студенттердің ғылыми шығармашылығының нәтижелерін ғылыми және педагогикалық қызмет практикасына енгізу;

8. «АМУ» КЕАҚ имиджін арттыруға жәрдемдесу, сондай-ақ жоғарыда аталған мақсатқа жетуге ықпал ететін басқа да міндеттер.

Барлық ниет білдірген студенттер СҒҚ-ға мына сілтеме бойынша кіре алады https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScPuOLtgG3ChMzrkgqawQR3GI7XCLFvygkMwKGi8rF2HMEKZA/viewform?usp=sf_link

СҒҚ-ның Инстаграмм парақшасы - @SNO_MUA

Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика