Binom school-дың жоғары сынып оқушылары АстМУды аралады

Binom school-дың жоғары сынып оқушылары АстМУды аралады

      Астана медицина университетінде 2022 жылғы 17 қарашада Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school-дың жоғары сынып оқушыларына арналған экскурсия өткізілді. Экскурсия аясында оқушылар университеттегі дайындық бағдарламаларымен және университеттің инфрақұрылымымен танысты.

    Оқушылар симуляциялық орталыққа, қоғамдық денсаулық және эпидемиология, қоғамдық денсаулық және гигиена кафедраларына, санитарлық-гигиеналық зертханаға, А.Б. Аубәкіров атындағы адам анатомиясы кафедрасының мұражайына болды.

       Экскурсия қорытындысы бойынша оқушылар ғылыми жұмыс аясында университет кафедраларымен ынтымақтасуға ниет білдірді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика