ТЕҢДІК УАҚЫТЫ!

2022 жылдың 1 желтоқсаны күні Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы және нефрология, гематология, аллергология және иммунология курстарымен ішкі аурулар кафедрасы Астана қаласы «ЖИТС-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК-мен бірлесіп «ТЕҢДІК УАҚЫТЫ!» ұранымен студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы XIV дәстүрлі конференциясын өткізді.

 

Конференцияның мақсаты студенттер арасында ғылымды насихаттау, ЖИТС-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрестегі өзекті медициналық мәселелерді талқылау және дарынды жас зерттеушілерді ынталандыру болды.

 

Пленарлық отырыста конференция төрағасы м.ғ.д., профессор, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының меңгерушісі – Дусмағамбетов М.У., сонымен қатар м.ғ.д., нефрология, гематология, аллергология және иммунология курстарымен ішкі аурулар кафедрасының профессоры Махамбетов Қ.О. және Астана қ. «ЖИТС-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК емдеу-профилактикалық жұмыс бөлімінің басшысы Сергалиева А.Ш. Олар ЖИТС-инфекциясының эпидемиологиясы туралы баяндамалар жасап, Астанадағы және дүние жүзіндегі ЖИТС-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалының үрдісі туралы айтып берді.

 

Конференция екі секция бойынша өтті. Студенттерге арналған секцияда 2-5 курс студенттерінің баяндамалары тыңдалып, жас ғалымдар секциясында «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның резидент дәрігерлері мен кафедра оқытушылары жұмыстарын көрсетті.

 

Ұсынылған ғылыми баяндамалардың көпшілігі АИТВ-инфекциясының жиілігі мен таралуына, АИТВ-ассациациялық ауруларды диагностикалау мен емдеу мәселелеріне арналды. Сонымен, ең қызықты баяндамалар келесідей болды: «Педиатриялық тәжірибеде ЖИТС-инфекциясының клиникалық жағдайын ретроспективті зерттеу», «АРТ-ға ЖИТС төзімділігінің заманауи аспектілері», «ЖИТС-ассоциацияланған саңырауқұлақ аурулары: диагностиканың мүмкіндіктері мен мәселелері». Сондай-ақ ВИЧ-пен байланысты токсоплазмоз инфекциясы, мерез, В және С вирустық гепатиттері және нейроинфекциялар сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.

 

Ғылыми жұмыстарды бағалау нәтижелері бойынша жүлделер келесі ретпен белгіленді.

Студенттер арасында:

1-дәрежелі диплом – Ли Илона. «Педиатриялық тәжірибеде ЖИТС-инфекциясының клиникалық жағдайын ретроспективті зерттеу» тақырыбында ғылыми жұмысын баяндады.

Ғылыми жетекшісі: Утеубаева Г.Ж. – м.ғ.к., нефрология, гематология, аллергология және иммунология курстарымен ішкі аурулар кафедрасының доценті.

 

2-дәрежелі диплом – Жұманов Азамат Әнуарұлы. Баяндама тақырыбы «АРТ-ға ЖИТС төзімділігінің заманауи аспектілері».

Ғылыми жетекшісі: Махамбетов Қ.О. – м.ғ.д., нефрология, гематология, аллергология және иммунология курстары бар ішкі аурулар кафедрасының профессоры.

3-дәрежелі диплом – Әлжан Жансерік. Ол «ЖИТС-жұқтырған науқастардағы вирусты В және С гепатиттерді диагностикалау ерекшеліктері» атты баяндама жасады.

Ғылыми жетекшісі: Сутимбекова Н.С. – Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының аға оқытушысы.

 

Жас ғалымдар секциясы бойынша:

1 дәрежелі диплом – Бақытжан Айгерім Бақытжанқызы – «Аллергология және иммунология» мамандығы бойынша 1 курс дәрігер-резиденті.

Ғылыми жетекшісі: Байдуйсенова А.У. – м.ғ.к., Ш.И. Сарбасова микробиология және вирусология кафедрасының профессоры.

2-дәрежелі диплом – Найденова Юлия Олеговна – Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының оқытушысы.

Ғылыми жетекшісі: Дусмағамбетов М.У. – м.ғ.д., профессор, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының меңгерушісі.

3 дәрежелі диплом – Аяпова Азима Бақытжанқызы – «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша 1 курс дәрігер-резиденті.

Ғылыми жетекшілері: Искаков С.С. - м.ғ.к., №2 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, Шегенов Г.А. – PhD, «Астана медицина университеті» КЕАҚ №2 акушерлік және гинекология кафедрасының доценті.

 

Осы конференция аясында Сарыарқа даңғылы, 33 мекенжайындағы оқу ғимаратының базасында барлық тұлғаларды ЖИТС-инфекциясына экспресс-тестілеу жүргізілгенін ерекше атап өткен жөн. Барлығы 62 адам экспресс-тест тапсырып, ЖИТС-жұқпасы бойынша өз статустарын білу мүмкіндігіне ие болды.

 

Қазіргі уақытта ЖИТС-инфекциясының өзектілігі бұл аурудың тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде көбірек адамдарға әсер етіп, халық арасында үнемі дамып келе жатқандығына байланысты. Осы орайда, біздің күш-жігерімізбен жыл сайын жүргізіліп жатқан профилактикалық және ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ортақ іске қосылатын үлес деп нық сеніммен айтуға болады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика