"Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру ету және Аккредиттеудің Еуразиялық орталығы" аккредиттеу агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясының сапары

"Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру ету және Аккредиттеудің Еуразиялық орталығы" аккредиттеу агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясының сапары

2023 жылғы 16-18 мамыр аралығында "Астана медицина университеті" КеАҚ базасында бакалавриат, магистратура, докторантура және қосымша білім беруді институционалдық аккредиттеу деңгейінде 7 білім беру бағдарламасын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өту шеңберінде "Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру  және Аккредиттеу Еуразиялық орталығы" аккредиттеу агенттігінің (AЕО) сыртқы сараптау комиссиясының сапары өтті. 

Сыртқы сараптама комиссиясының құрамы отандық және шетелдік медициналық жоғары оқу орындарының өкілдерінен тұрды.
Сыртқы сараптама комиссиясы (ССК) өз жұмысы барысында келесі іс-шараларды өткізді:
- ССК мүшелері "Астана медицина университеті" КеАҚ басшылығымен кездесті;
- академиялық кеңестің, білім беру деңгейлері бойынша (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура, қосымша білім беру) білім беру бағдарламалары комитеттерінің мүшелерімен кездесті;
- ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелеріне: офис-тіркеушіге, симуляциялық орталыққа, радиобиология және радиациялық қорғау институтына, қызметкерлерге және білім алушыларға қызмет көрсету орталығына, медициналық пунктке, кітапханаға, жатақханаға, фитнес-залға барды;
- білім алушыларды/тыңдаушыларды қабылдауға жауапты бөлімшелердің қызметкерлерімен, білім беру бағдарламаларына жауапты бөлімшелердің басшыларымен және қызметкерлерімен, түлектерді жұмысқа орналастыруға жауапты бөлімшелердің қызметкерлерімен, HR басқармасының қызметкерлерімен кездесті;
- клиникалық базаларға барып, практикалық сабақтар мен семинарларға қатысты;
- білім алушылармен, қосымша және үздіксіз білім беру тыңдаушыларымен, оқытушылармен, жұмыс берушілермен, барлық деңгейдегі бағдарламалардың түлектерімен сұхбаттасты.
Сапар соңында ССК төрайымы – Людмила Сергеевна Ермуханова "Астана медицина университеті " КеАҚ басшылығын ССК жұмысының алдын ала қорытындысымен таныстырып, соңғы шешімді аккредиттеу кеңесі қабылдайтынын атап өтті.
   

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика