«Шәкәрім мұрасы – ұлттың асыл қазынасы» тақырыбында республикалық конференция өтеді

«Шәкәрім мұрасы – ұлттың асыл қазынасы» тақырыбында республикалық конференция өтеді

Астана медицина университетінің Мемлекеттік тілді дамыту тобы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2023 жылғы 21 қыркүйек күні Астана медицина университетінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім мұрасы – ұлттың асыл қазынасы» тақырыбында республикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: ақын, философ, тарихшы, сазгер, аудармашы, публицист Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерделеу, оның шығармаларының жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін ашу, тәжірибе алмасу.

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қарағанды медицина университетінің, Семей медицина университетінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының, Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының, С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының өкілдері және Астана медицина университетінің оқытушы-профессорлары қатысады.

Конференция өтетін орын: Бейбітшілік көшесі 49 А, бас ғимарат, 4-қабат, 415-мәжіліс залы.

Барлық сұрақтар бойынша «Астана медицина университеті» КеАҚ Мемлекеттік тілді дамыту тобына хабарласуларыңызды сұраймыз –

Қалалық телефон +7 (7172) 57-78-96 (ішкі 439);

Орынбасарова Бақтынұр Әділқызы. Ұялы тел: +7 747 387 55 27

Шаймұратова Асыл Мұратқызы.    Ұялы тел: +7 707 101 56 86

Тлешева Мариям Құрманбеқызы. Ұялы тел: +7 705 679 39 36.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика