"Патофизиология-медицинаның философиясы" атты тақырыпқа мотивациялық дәріс

"Патофизиология-медицинаның философиясы" атты тақырыпқа мотивациялық дәріс

В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасында "Жалпы медицина" және “Педиатрия” мамандығының 3 курс студенттеріне "Патофизиология-медицинаның философиясы" атты тақырыпқа мотивациялық дәріс өткізілді. Клиникалық пәндерді сәтті игеру үшін патологиялық физиологияның маңызды жақтары мен көптеген басқа аспектілері туралы айтылды. Сонымен қатар, әрбір студенттің "АМУ" КеАҚ медициналық білім беру жүйесінде имиджін арттыру бойынша үлес қосуына қатысты мәселелер қарастырылды. Қазақстандықтардың патриотизмі еліміздің барлық азаматтарының күнделікті іс-әрекеттерінде көрініс табуы тиіс екендігі атап өтілді. Студенттік жастар үшін маңызды мотивациялық шаралардың бірі оқуға олардың адал және жауапкершілікті болуы. Спикерлер ретінде кафедра меңгерушісі, м. ғ. д., профессор Тәжібаева Д. С., м. ғ. д., профессор Айтбаева Ж. Б., м. ғ. к., профессор Бегларова Г. Е. дәріс оқыды. Фитбэк студенттік аудитория мен патологиялық физиология кафедрасының профессорлық-оқытушылық ұжымының арасында толық түсіністік орнады деп айтуға болады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика