"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ базасында Жас ғалымдар мен студенттердің Бірінші Халықаралық форумы өтті.
Жас ғалымдар форумы-әртүрлі елдердің ғылыми қызметкерлері, ғалымдары мен білім алушылары арасында академиялық білім, тәжірибе және идеялар алмасуға арналған бірегей алаң. Форумның негізгі мақсаты -әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен алмасу үшін платформа құру, жас зерттеушілердің санасын толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ жастар арасында ғылыми білімнің таралуын ынталандыру.
Форумға Мейіргер ісі кафедрасының ассистенті Құтыбаева Бақытжан Саматқызы, сондай-ақ "Мейіргер ғылымы" мамандығы бойынша докторанттар: Айжан Байтуганова және Мереке Әләйдарова қатысты.
"Мейіргер ісін жаңғырту" секциясы аясында екінші оқу жылының докторанты Айжан Байтуғанова бірінші орынды иеленді. Жеңіске қол жеткізуге ғылыми жетекші, медицина ғылымдарының докторы, профессор Г. А. Жақсылықова және ғылыми кеңесші, Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Салтабаева елеулі үлес қосты.
Біз әріптестеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және олардың осындай іс-шараларға қатысуы олардың одан әрі кәсіби өсуіне және табысты ғылыми зерттеулеріне ықпал ететініне сенімдіміз.