"Жұқпалы және паразиттік аурулардың өзекті мәселелері" халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференцияның резолюциясы.

"Жұқпалы және паразиттік аурулардың өзекті мәселелері" халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференцияның резолюциясы.

"Астана медицина университеті" КеАҚ және Қостанай облысының ДСБ меморандумы аясында ММ басшысы Д.С. Жандаевтың шақыруымен Д.А.Баешева (ҚР ДСМ штаттан тыс бас инфекционисті (балалар), м.ғ.д., профессор, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Б.Н.Кошерова (ҚР ДСМ штаттан тыс инфекционисті (ересектер), Г.Д. Жұмағалиева (м ғ.к., асс.профессор), Сейдуллаева А.Ж. – (рhD, доцент) және Алтынбекова А.В. (медицина магистррі, ассистент) жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері мен паразитарлы аурулар бойынша инфекционист дәрігерлерге, терапевттерге, ЖТД-ға, акушер-гинекологтарға арналған конференция өткізілді. Осы конференцияны өткізу барысында қазіргі таңда ең өзекті тақырыптар бойынша: қазіргі заманғы ағым, диагностика, дифференциалды диагностика, терапияға көзқарастар, алдын алу мәселелері баяндамалар айтылды.

Осы конференцияны өткізу барысында қазіргі кездегі ең өзекті тақырыптар: балалармен, ересектердегі және жүкті әйелдердегі тұмау, ЖРВИ, қызылша, менингококк инфекциясы, гельминтоздар, цмви және герпесвирустық заманауи ағымы, диагностика, дифференциалды диагностика, емдеу тәсілдері, инфекциялардің мәселелері бойынша баяндамалар айтылды. Семинарға Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өңірлерінен келген 100-ден астам дәрігерлер қатысып, инфекционистерді дәлелді медицина қағидалары ескере отырып, инфекциялық аурулар кезінде диагностикалау, алдын алу, емдеу және медициналық көмекті ұйымдастыруда ғылыми жетістіктермен, клиникалық тәжірибемен алмасу мақсатында қамтыды. Конференция балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының әлеуметтік желілері (инстаграмм) арқылы тікелей эфирде онлайн режимде де өткізілді. Бұл конференция практикалық дәрігерлер тарапынан оң пікір алды, олар келесі: практикалық жағдайда туындаған сұрақтарға, дифференциалды диагностикаға (бастапқы және қайталама менингит), зертханалық зерттеу әдістеріне, күрделі, ауыр науқастарды басқару тактикасына, пәнаралық өзара әрекеттесуге қатысты сұрақтарға толық жауап алды. Сондай-ақ, конференция нәтижесінде дәрігерлер өздерінің практикалық қызметінде одан әрі қолдану үшін жүкті әйелдерге баса назар аудара отырып, балалар мен ересектердің инфекциялары бойынша әрі қарай білімін жетілдіргенін атап өтті.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика