Жуырда Астана медицина университетінің студенттері қазақша күрестен өткізілген турнирге қатысып, жүлделі орындарға ие болды!

Жуырда Астана медицина университетінің студенттері қазақша күрестен өткізілген турнирге қатысып, жүлделі орындарға ие болды!


Атап айтқанда, 66 килода бақ сынаған Аман Мәжитов финалға дейін жетіп, екінші орыннан көрінді. Бұдан бөлек 90 килода белдескен Сарқанбай Нұрым барлық қарсыласының жауырын жер иіскетіп, тек жартылай финалда сүрінді. Ол үздік үштіктің қатарын түйіндеп, жарыс жүлдегері атанды.

 

Осы орайда бұл турнир биыл қолға алынған Наурызнама бастамасы аясында ұйымдастырылғанын айта кетейік.

Университет бабы мен бағы қатар жанған саңлақтарымыздың жетістігін қашанда мақтан тұтады.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған жастарымызға алдағы байрақты додаларда ақ жол тілейміз!


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика