Жас оториноларингологтардың Бірінші Еуразиялық халықаралық мектебінің жұмысына «Плужников оқуларына» қатысуға шақырамыз.

Жас оториноларингологтардың Бірінші Еуразиялық халықаралық мектебінің жұмысына «Плужников оқуларына» қатысуға шақырамыз.

Құрметті әріптестер, сіздерді жас оториноларингологтардың Бірінші Еуразиялық халықаралық мектебінің жұмысына «Плужников оқулары» оқытушысы ретінде де, тыңдаушы ретінде де қатысуға шақырамыз. Сонымен қатар, мектепте ЛОР мүшелерінің заманауи эндоскопиялық хирургиясы бойынша кеңес беру Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасындағы және Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК "№1 Көпбеінді Қалалық Ауруханада" шеберлік сабағын өткізу қарастырылған.

Мектеп Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында 2024 жылдың 3-4 маусымына жоспарланған. Халықаралық мектептің ашылуы 2024 жылдың 3 маусымында сағат 9.00-де 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49-а мекенжайы бойынша «Астана медицина университеті» КеАҚ акт залында өтеді.

Жақын және алыс шетелдерден келген шетелдік қонақтар (дәрігерлер) Қабанбай батыр даңғылы, 15, Hilton Garden Inn қонақүйінде орналасады. Астана, Z05HOBO, Қазақстан E-mail: tseak_fo@hilton.com

T: +7 7172 756 756

F: +7 7172 756 710

www.astana.hgi.com

Әр қалалар мен елдерден келген атақты ғалымдар мен сарапшылар мектеп қатысушыларына сөз сөйлеп, бай тәжірибелерімен бөліседі. Сізде оториноларингологияның соңғы жетістіктерімен танысуға, лекторларға сұрақтар қоюға, пікірталастарға қатысуға бірегей мүмкіндік аласыз. Іс-шарада алған біліміңізді практикалық жұмыста қолдана аласыз.

Бұл Еуразияның орталығында орналасқан және Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және мәдени орталығы болып табылатын Астана қаласына барудың тамаша мүмкіндігі.

Байланыс мекенжайлары: КеАҚ «АМУ» ЛОР аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Әженов Талапбек Мұратұлы: +7 (701) 999-91-59

E-mail: azhenov@mail.ru

Тулебаев Раис Кажкенович – Қазақстан Республикасы Ұлттық оториноларингологтар қауымдастығының президенті: +7 (701) 710-45-09

Электрондық пошта: rais007@yandex.ru

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика