2024 жылғы 18-19 сәуірде "Астана медицина университеті" КЕАҚ-да радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ-нің 20 жылдығына орай Сізді X Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады

2024 жылғы 18-19 сәуірде "Астана медицина университеті" КЕАҚ-да радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ-нің 20 жылдығына орай Сізді X Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады

Құрметті әріптестер!

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ сіздерді 2024 жылғы 18-19 сәуірде Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ-ның 20 жылдығына орай «Уран өндіруші өңірлердегі медициналық - биологиялық және экологиялық проблемалар» атты X халықаралық қатысумен өтетін Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияны ұйымдастырушы: «Астана медицина университеті» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институты.

Конференцияны өткізу форматы– оффлайн режимде «Астана медицина университеті» КеАҚ акт залында және онлайн режимінде өткізіледі (қосылу сілтемесі https://amu2.webex.com/amu2-ru/j.php?MTID=m914a3c4c625efeff587551976bbc8af6)

                  

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференцияда иондаушы сәулеленудің төмен дозаларының радиобиологиялық әсерлерінің, радиоэкологиялық жағдайдың, персоналдың радиациялық қауіпсіздігін және радиациялық қауіпті объектілер қызметінің теріс факторларының әсер ету аймағында тұратын халықтың денсаулық жағдайын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

 

Конференция тақырыбы:

 

1.                      Иондаушы сәулеленудің төмен деңгейінің биологиялық әсері

2.                      Уран және мұнай өндіруші аймақтар мен техногендік- өзгертілген радиациялық фоны бар аумақтардың радиоэкологиялық проблемалары, уран және мұнай өндіруші кәсіпорындардың кәсіби қызметкерлерінің және радиациялық қауіпті кәсіпорындардың теріс факторларының әсер ету аймағында тұратын халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.

3.                      Кәсіби сәулеленуге ұшыраған адамдардың және техногендік-өзгерген радиациялық фоны бар аумақтарда тұратын халықтың денсаулық жағдайын бағалау.

4.                      Уран және мұнай өндіруші аймақтардағы радон қауіпсіздігі мәселелері.

5.                      Иондаушы сәулеленуге ұшыраған персонал мен пациенттердің радиациялық қауіпсіздігін және рентгендік диагностикалық жабдықтардың пайдалану параметрлерінің сапасын қамтамасыз ету.

 

Іс-шара «‎Pro Lab Support» ЖШС, «ГАММА»ҒӨК» ЖШС, «Геном Плюс» медициналық академиялық зертхана, «Агро Сила» ЖШС қолдауымен өткізіледі.

Жетекші демеуші:

 

«ProLabSupport»ЖШС

 

Жетекші демеуші:

 

«ГАММА» Ғылыми-өндірістік кәсіпорын»ЖШС

 

www.prolabsupport.kz

 

www.npp-gamma.kz

 

Жетекші демеуші:

 

«Геном Плюс» медициналық академиялық зертхана

 

 

Демеуші:

 

«Агро Сила» ЖШС

 

www.genompluslab.kz

@genom_plus_lab

 

agrosila7@gmail.com

 

 

 

Байланыс деректері:

      010000 Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 49 «А». «Астана медицина университеті» КеАҚ.

          Тел. 8(7172) 539-448, e-mail: irrp@amu.kz

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика