Жас ғалымдарды - «Жас Дарын» корпоративтік наградасының жүлдегерлерін марапаттау

Жас ғалымдарды - «Жас Дарын» корпоративтік наградасының жүлдегерлерін марапаттау

11 сәуірде Астана медицина университетінде іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуға зор үлес қосқан университеттің ең дарынды жас ғалымдарына «Жас Дарын» корпоративтік наградасын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Конкурс жеңімпаздары ғылыми зерттеулерді орындау, ғылыми жарияланымдардың саны және олардың сұранысы, патенттік белсенділігі, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, халықаралық конференцияларға қатысу сияқты көрсеткіштері бойынша таңдалды. Жас ғалымдар форумының ашылуы аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев «Жас Дарын» корпоративтік наградасын (төсбелгі, куәлік және диплом) және жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етті:

1 орын үшін- Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасының меңгерушісі Аумаликова Молдир Нурлановна (сертификат сомасы – 258 440 теңге (70 АЕК));

2 орын үшін - дәлелді медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доцент-зерттеушісі Қасым Лаура Талғатқызы (сертификат сомасы – 184 600 теңге (50 АЕК));

3 орын үшін – академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы радиология ғылыми-зерттеу институтының доценті Туржанова Динара Ерланқызы (сертификат сомасы – 110 760 теңге (30 АЕК)).

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика