25 шілде Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні

25 шілде Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні

Жыл сайын шамамен 250 мың адам суға батып қаза табажы, олардың 82 мыңға жуығы 1 мен 14 жас аралығындағы балалар.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 2024 жылғы суға түсу маусымы басталғалы 85 адам қаза тапты, оның 35-і – балалар. 2023 жылмен салыстырғанда адам өлімі 14%-ға азайып, балалар саны 20%-ға артқан. Балалардың өлімі үлкен алаңдаушылық туғызуда.

Тоғандарда және бассейндерде демалу кезінде ересектер балаларға ерекше назар аударуы керек!

Ересектер балалардың тексерілмеген және анықталмаған жерлерде суға түсуіне, жарамсыз құралдармен қолдануына және суда ойнауына жол бермеуге міндетті. Негізгі қауіпсіздік ережелерін бұзу қайғылы жағдайға әкеледі.

 

Адам суға батып бара жатқанда тыныш батады, бұл секундтарда айқайлауға мүмкіндік жоқ, тек ауамен тыныс алуға және қолымен жүзуге тырысып, өмір үшін күресу керек.

Ересектер үшін бірнеше маңызды су қауіпсіздігінің ережелері:

* Тыйым салынған жерлерде немесе шомылу үшін жабдықталмаған жерлерде суда шомылмаңыз.

* Мас күйде суға шомылмаңыз.

* Жүзуге арналмаған заттардың үстінде жүзбеңіз.

* Тексерілмеген немесе жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды.

* Балаларды суда қадағалаңыз.

* Балық аулау кезінде құтқару кеудешесін киіңіз.

* Бассейндердің қоршалғанын және кіруді басқару мүмкіндігін тексеріңіз

 

Кез келген адам суға батып кетуі мүмкін – өміріңізге қамқорлық жасаңыз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика