Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының (ECAQA) сыртқы сараптама комиссиясының (ССК) сапары

Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының (ECAQA) сыртқы сараптама комиссиясының (ССК) сапары

2024 жылғы 3-5 маусым аралығында "Астана медицина университетінде" Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының ECAQA сыртқы сараптау комиссиясының (ССК) сапары өтті.

ССК-нің сапарының мақсаты -6BM10123 "Медицина", 6ВМ10124 "Стоматология", 6ВМ10125 "Педиатрия", 6ВМ10126 "Медициналық – профилактикалық іс" бакалавриатының төрт білім беру бағдарламалары (бұдан әрі-БББ) бойынша халықаралық мамандандырылған аккредиттеу, сондай-ақ 7R01120 «Нейрохирургия ересек, балалар» резидентураның БББ өткізу болды.

Сыртқы сараптау комиссиясының төрағасы медицина ғылымдарының докторы, профессор, "С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ неонатология кафедрасының меңгерушісі Божбанбаева Нишангүл Сейтбекқызы болды.

Комиссия құрамында шетелдік сарапшы ретінде PhD, DSc, Биология ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ереван мемлекеттік университетінің биохимия, микробиология және биотехнология кафедрасының профессоры Карен Арменович Трчунян болды.

Ұлттық сарапшылар тобының құрамында аккредиттеуге Ұлттық академиялық сарапшылар қатысты: медицина ғылымдарының кандидаты, "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ стоматология, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісі факультеттерінің деканы Сұлтанова Гүлнар Достанова; медицина ғылымдарының докторы, профессор, "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Педиатрия және неонатология кафедрасының меңгерушісі Тукбекова Бибігүл Төлеубайқызы; медицина ғылымдарының кандидаты, "Қазақстан-Ресей медициналық университеті" НУО Анестезиология және реанимация курсы бар Хирургиялық аурулар кафедрасының аға оқытушысы Трынкин Алексей Викторович; "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының аға оқытушысы Рамазанова Мәншүк Анерқызы; сондай-ақ "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Студенттік өкілі Тәуекелова Медина Қорғанбекқызы "Жалпы медицина" БББ бойынша интерн.

Үш күн ішінде Сараптамалық комиссия мәлімделген мәртебеге сәйкес білім беру бағдарламаларын сапалы ұсыну жөніндегі ұйымымыздың қызметіне бағалау жүргізді, білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен, түлектерімен және жұмыс берушілерімен кездесті, «АстМУ» КеАҚ практикалық сабақтарына, симуляциялық орталығына және клиникалық базаларына барды.

Университет басшылығы аккредиттеу рәсіміне қатысқан барлық білім алушыларға, оқытушыларға, түлектерге және жұмыс берушілерге, кафедралар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне алғысын білдіреді. 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика