Неврологиялық аурулар қазір бүкіл әлемде денсаулық пен мүгедектіктің басты себебі болып тұр. Жыл сайын дүние жүзінде неврологиялық аурулардан 9 миллион адам қайтыс болады. Өкінішке қарай, бұл статистикаға біздің еліміз де кіреді: жыл сайын 40 мыңнан астам адам өлім-жітім деңгейі жоғары инсультке шалдығып, олардың жартысынан көбі адам көмегіне тәуелді болып отыр.
Бірнеше жыл бұрын ДДҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебреисус неврологиялық аурулар пациенттер мен олардың отбасыларына орасан азап әкелетінін, қоғам мен экономиканы адами капиталдан айыратынын айтқан.
Қазақстандық мамандар жүйке ауруларының өршуіне алаңдап, Франция, Италия, Түркия, Қытай, Үндістан және басқа да елдердің жетекші ғалымдарымен бірге осы күндері елордада өтіп жатқан халықаралық конференцияда олардың алдын алу және оңалту мәселелерін талқылауда.
«Неврологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтудағы мультидисциплинарлық тәсіл» атты конференцияны Ұлттық балаларды оңалту орталығы мен Астана медицина университеті бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен университеттің 60 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Конференцияда Астана медицина университеті Неврология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы: кафедра меңгерушісі, профессор Жақсыбаева А.Х., доценттер Есжанова Л.Е., Касенова А.С., Әлжанова Д.С., ассистенттер Хыдырпатша Л., Ахметжанова З.Б., Балгаева М.С баяндамаларын оқыды.
АМУ Нневрология кафедрасының доценті Лаура Есжанова Қазақстанда ересектер неврологиясын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін «Алтын шипагер» белгісімен марапатталды.
Бұл салада білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Соңғы 5 жылда біздің университет 100-ден астам физиотерапия және реабилитолог дәрігерлерді даярлады. Ал «Оңалту және спорттық медицина» кафедрасы Қазақстанда алғаш рет бакалавриат деңгейінде кинезиотерапевттер мен эрготерапевттерін оқытуды бастады.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы жағдайында неврологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелерін шешуге заман талабына айналды. Дәрігерлердің, зерттеушілердің және басқа да сарапшылардың күш-жігерін біріктіру арқылы пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін жаңа стратегиялар мен әдістер әзірленетін болады. Конференцияның резолюциясы Қазақстанда оңалту қызметін одан әрі дамытудың негізіне айналытыны сөзсіз.