Бүгін елордалық Ботаникалық бақта Астана медицина университетінің 60 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі «AMU RUN» жүгіру жарысы өтті

Бүгін елордалық Ботаникалық бақта Астана медицина университетінің 60 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі «AMU RUN» жүгіру жарысы өтті

Бұл шара бірінші курс студенттерінің медицина саласындағы алғашқы қадамы ғана емес, сонымен қатар университеттің дәстүрлері мен құндылықтарын нығайтуда маңызды рөл атқарды.

Шараның салтанатты бөлімін ашқан университет Ректоры Камалжан Надыров студенттерге арнаған құттықтау сөзінде медицинаның тек мамандық қана емес, адалдықты, жауапкершілікті және білімге деген құштарлықты талап ететін өмірлік кәсіп екенін атап өтті. «Сіздер әлемдегі ең құрметті әрі маңызды саланың біріне қадам бастаңыздар. Алда сіздерді үлкен сынақтардан өту, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік алу жолы күтіп тұр. Бірақ қиындықтардан қорықпаңыздар! Сіздердің күш-жігерлеріңіз, оқуға деген құлшыныстарыңыз және адал ниеттеріңіз кез келген кедергіні еңсеруге көмектеседі. Бұл жол ұзақ көрінсе де, одан бас тартпай алға ұмтылудың маңыздылығын ұмытпаңыздар», – деді ректор.

Іс-шараға сондай-ақ ДДҰ өкілі, ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрайымы Айжан Есмағамбетова және «Қазақстандық спортшылар одағы» РҚБ төрағасы Азамат Қарлығашев қатысты.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттайтын бастамаға танымал қазақстандық спортшылар, қазақ балуандарының дәстүрін жалғастырушы, күш сынасу экстримі жөнінде әлемдік рекордсмені Сергей Цырульников, 2024 жылғы Париждегі Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ерғали Шамей және қоғам қайраткері, «Jana Men» жобасының негізін қалаушы Айтым Жақыпов та қатысып, жастарға жалынды сөздерін арнады.

Ерекше атап өтерлігі, «AMU RUN» жүгіру жарысына мыңнан аса адам қатысты. Мәреден көрінген қатысушылардың арасында шақырылған қонақтар мен университеттің жаңа студенттері бар. Олар 1,5 және 4,5 шақырым қашықтықты еңсеріп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

«AMU RUN» жүгіру жарысында мыңнан астам адам бақ сынады. Тартысты бәсекеге шақырылған қонақтар мен университеттің жаңа студенттері қатысты. Олар 1,5 және 4,5 шақырым қашықтықты еңсеріп, мәреге жетті. Үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі де ұйымдастырылды.

1,5 км қашықтықта жарысқа түскен қыздар арасында бірінші орынды Оңғарбаева Көркем иеленді. Екінші орынға Жұмахасын Еңлік шықса, үшінші орынды Байхонова Жанасыл еншіледі. Ал ұлдар арасында үздік нәтиже көрсеткендердің қатарында: бірінші орын – Данил Лим, екінші орын – Махамбет Олжас, үшінші орын – Нұрмағамбетов Ануар.

4,5 км қашықтықта мәре сызығын қыздар арасында Темірқұл Оңалсын бірінші жүгіріп өтсе, екінші орынды – Баянова Динара, ал үшінші орынды – Алтай Тоғжан жеңіп алды. Ал аталмыш санатта ұлдар арасында бірінші болып Есенгелді Димаш, екінші орынға – Рахымжан Бекарыс, ал үшінші орынға — Рүстем Әбілмансұр жайғасты.

Барлық қатысушылар әр санатта жоғары деңгейдегі физикалық дайындықтарын көрсетті.

Астана Медицина университетінің жастары салауатты өмір салты - жақсы көңіл-күйдің басты факторы екенін өз үлгілерінде көрсетті.

Студенттер қатарына қабылдау «Open AIR» форматындағы жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика