«ASTANA MEDICAL FORUM 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНДА ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ ЛАЗЕРЛІ ТЕРАПИЯ ЖОБАСЫ ҰСЫНДЫ

«ASTANA MEDICAL FORUM 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНДА ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ ЛАЗЕРЛІ ТЕРАПИЯ ЖОБАСЫ ҰСЫНДЫ

Астана медицина университеті мен «Ғылым қоры» АҚ MedTech саласында «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» диалогтық алаңын ұйымдастырды.

«Astana Medical Forum 2024» алғашқы халықаралық конференциясы бизнес пен медицинадағы инновациялық шешімдерді әзірлеген өнертапқыштармен байланыс орнатуға, сонымен бірге стартап жобалары бар жас ғалымдарға құны 350 миллион теңгеге дейінгі гранттық бағдарламалар жөнінде бірегей мүмкіндік берді.

15 қазанда Астана медицина университеті « Ғылым қоры » АҚ-мен бірлесіп MedTech саласындағы бизнес, ғылыми қоғамдастық және стартап өкілдері үшін диалог алаңын ұйымдастырды. Іс-шара ғылыми әзірлемелер мен коммерциялық сектор арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ медицина саласындағы перспективалы жобаларды ілгерілетуге бағытталған.

Ғылым қоры технологияны коммерцияландыру реакторы аясында медициналық және фармацевтикалық салалардағы ғылыми шешімдерді ұсынды.

Ұсынылған жобалардың қатарында «қатерлі ісіктің лазерлік терапиясы», «BeeFitoOil» емдік-профилактикалық жақпасы, «BeeFly» табиғи сусыны, оңалтудың ұтқыр құралы – экзороллер, уран өндіретін өңірлердің тұрғындарын дозиметриялық бақылау жүйесі, мектептегі тамақтануға арналған «KERIK» киселі желе және «Densaýlyq plus» жобасы бар. Бұл жобалардың барлығы коммерцияландыруға дайын, аяқталған ғылыми зерттеулер.

Ғылым қорының Басқарма төрағасы Камиль Акатов өз баяндамасында Қордың гранттық бағдарламасының негізгі талаптары туралы, медициналық технологияларды қолдау және нарыққа шығару үшін 350 млн. теңгеге дейін қаржыландыру алу мүмкіндіктері туралы хабардар етті.

«ЭкзоРоллер» жобасының авторы Изат Досов автоматты вертикалдау функциясы және орнатылған аяқ тренажері бар электроколясканы ұсынды. Құрылғы инсульт, омыртқа жарақаттары, және басқа ауруларға шалдыққан мүмкіндігі шектеулі науқастарға арналған. Команда жобаны одан әрі дамыту үшін гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуды жоспарлап отыр.

«Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесе отырып Форум аясында ұйымдастырылған коммерцияландыру реакторы кәсіпкерлер мен инвесторларға инновациялық медициналық шешімдерді қолдауға кең мүмкіндіктер ашты.

Іс-шараның нәтижесінде ұсынылған шешімдерді одан әрі коммерцияландыру үшін ғалымдар мен бизнес арасындағы ынтымақтастық туралы алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика