С.Д. Асфендияровтың 135 жылдығына арналған “Фармация” білім беру бағдарламасы бойынша өткен Халықаралық студенттік олимпиадада Астана медицина университетінің Фармация мектебінің студенттері кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.
“PHARMAVATION” командасы:
1. Жүсіпова Лаура Сейілханқызы
2. Сәбит Ардақ Мұхтарқызы
3. Қайдарова Аружан Рамазанқызы
4. Қанатбек Дана Дінмұхаммедқызы
алды:
“Фармакогнозия” пәні бойынша I орын
“Фармацияны басқару және экономика” пәні бойынша III орын
Сонымен қатар, “PHARMAVATION” командасы жалпы командалық есепте III орынға ие болды, бұл Фармация мектебінің студенттерін даярлаудың жоғары деңгейін көрсетеді.
Біздің студенттер мен олардың тәлімгерлерін осы маңызды жетістіктерімен құттықтаймыз!