Медициналық зерттеулер саласындағы ынтымақтастық, ғылыми гранттар, оқыту: Астана медицина университетінің ректоры Erasmus MС ірі еуропалық медициналық орталықтың өкілдерімен кездесті
Медициналық зерттеулер саласындағы ынтымақтастық, ғылыми гранттар, оқыту: Астана медицина университетінің ректоры Erasmus MС ірі еуропалық медициналық орталықтың өкілдерімен кездесті

Кездесуге университеттің кафедра меңгерушілері, профессорлары, резиденттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ Erasmus MC гастроэнтерология және гепатология профессоры, Хирш индексі 115 ғылыми зерттеулердің маңыздылығын көрсететін ғылыми-метрикалық көрсеткішке ие, әлемге әйгілі сарапшы Гарри Янссен қатысты. Гарри Янссенге Erasmus MC хирургия бөлімі мен трансплантология институтының ғылыми қызметкері, жоба жетекшісі және оқытушысы Руслан Маммадов қосылды.

Кездесудің негізгі тақырыптары ынтымақтастық перспективаларына, оның ішінде бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруды, магистратура және PhD бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар үшін тағылымдамаларды ұйымдастыруға қатысты болды.