Ішкі аурулар кафедрасының доценті Жанна Ешмағамбетова «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының қонағы болды

Ішкі аурулар кафедрасының доценті Жанна Ешмағамбетова «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының қонағы болды

    Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курстарымен ішкі аурулар кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-терапевт Жанна Ешмағамбетова «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының қонағы болып тікелей эфирде «Тұмаудың алдын алу» шараларымен көрермендермен бөлісті.

    Қар жауып, күн суытқан кезде жіті респираторлық вирустық инфекция өршіп, тұмау маусымы басталатыны белгілі. Осы орайда, бұл маусымдық жіті респираторлық инфекцияның алдын-алу мақсатында қалай күресу керек? Осы жөнінде көрермендерге пайдалы ақыл-кеңестерімен бөлісті.

    Жүргізушінің қойған сауалдары тұмаудың белгілерін, асқынуын, сақтану жолдарын қамтыды. Жанна Айкешқызы жіті респираторлық инфекция, әсіресе тұмаудың асқынуларына аса назар аударып көрермендерге мүмкіндігінше сақтану жолдарын ұстану қажеттілігін атап өтті. Алдың-алудың ең тиімді жолы тұмауға қарсы вакцина салдыру қажет екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар адамдар көп жиналған жерге барудан бас тартуды және вирус таралмас үшін бетперде кию міндетті екенін, иммуниттетті көтеріп, құнарлы тамақтану мен демалудың маңызды екенін айтты.

https://youtu.be/PF6vlgtADRY?si=tUu_wHZFiX14iNat

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика